• Басты
  • Митинг туралы заң: Журналистердің қызметіне қатысты шектеулер алынып тасталды
20 Сәуір, 2020 16:40

Митинг туралы заң: Журналистердің қызметіне қатысты шектеулер алынып тасталды

Осыдан бірер апта бұрын парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстандағы "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Сөйтіп парламенттің жоғары палатасы сенатқа қарауға жіберілді. Осыған орай заңға енгізілген өзгерістер жөнінде Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкері Жанна Тулиндинова өзінің Facebook парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Митинг туралы заң: Журналистердің қызметіне қатысты шектеулер алынып тасталды

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерінің сөзінше, "Митингілер туралы" заң жобасын талқылау барысында, әрі мәжілістегі бірінші оқылымнан кейін бірқатар өзгер енгізілген. 

"Біріншіден, бұл ең бастысы - митингілерді өткізу тәртібі рұқсат беруден хабарландыру қағидатына толығымен ауысады. Қатысушылар санына да шектеу қойылмайды. Сондай-ақ, бейбіт митингтің ұйымдастырушысы өтініш қағазында көрсетуі қажет ақпараттар тізімі де қысқарды. Бұдан журналистердің қызметіне қатысты да шектеулер алынып тасталды", - деп жазады ол өз парақшасында.


Сонымен бірге Жанна Тулиндинова енді бейбіт митингтерді бұрынғы заңда айтылғандай арнайы белгіленген орындарда емес, барлық жерде өткізуге рұқсат берілген.

"Пикеттерге қатысты айтсам, бұдан былай бейбіт митингтерді барлық жерде өткізуге болады. Ешқандай шектеу жоқ. Шектеу тек стратегиялық инфрақұрылым объектілеріне ғана қолданылмақ. Ал олардың тізімі заңда көрсетілген. Сондай-ақ айта кету керек, заңға "жиын өткізу пайдасына презумпция" ұғымы енгізілді. Сонымен қатар әкімдіктер интернетте жалпыға қолжетімді жерде митингілер өткізуге арналған орындардың тізімін, сонымен бірге олардың жұмыс кестесі туралы да ақпаратты орналастыруы қажет. Тағы бір маңызды дүние, бейбіт митинг өткізу үшін өтініш беру мерзімін 5 күнге қысқарды. Бұл алғашқы нұсқада 15 күн болған болса, оның алдыңғысында 15 күн болды", - деді мекеме қызметкері.


Оның сөзінше, заң жобасының жаңа редакциясымен екінші оқылымнан кейін танысуға болады.

Назерке Сүйіндік

Сурет Фэйсбук парақшасынан алынды

Барлық жаңалықтар
34.200.252.156, 192.168.88.100