- Басты
- Жаңалықтар
- Митинг өткізу үшін адамдар енді әкімдіктерден рұқсат сұрамайды – Е.Саиров
Митинг өткізу үшін адамдар енді әкімдіктерден рұқсат сұрамайды – Е.Саиров
Саясаттанушы Ерлан Саиров ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысының кулуарында саяси жүйе эволюциялық тұрғыда өзгеріп келе жатыр деуге барлық негіз бар екенін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
«Біздің еліміздегі саяси реформаның басы басталды деп айтуға болады. Парламенттік оппозиция жөнінде жаңа норма енеді. Бұл біздің еліміздің саяси ландшафтын өзгертетін үлкен шешім. Өйткені, Парламентті, сонымен қатар жергілікті мәслихаттарда балама ой, балама бағдарламаларға жол береді. Екінші өте үлкен шешім – митинг туралы жаңа заң. Қазақстанда еуропалық стандарттар енгізіледі. Митингтерді өткізу үшін бұрындары сияқты әкімдіктерден рұқсат сұралмайды. Митинг өткізушілер шара өтетін жердегі мемлекеттік органдарға хабарлама беретін болады», - деді ол.
Сонымен қатар, ол адам құқығы жөнінде 130 және 174 бапқа өзгерістер енгізілетінін айтты.
«Осы екі бап та өзгеріске ұшырайтын болады. Осы мәселелердің барлығы саяси лиьберилезацияның жүзеге асырылып келе жатқанының куәсі. Қылмыстықтан әкімшілік іске ауысуды қоғам оң қабылдайды деп ойлаймын. Себебі, халықаралық деңгейде де бұл мәселе туғызған болатын. Ол Қазақстан имиджін халықаралық аренада да көтеретін болады», - деді ол.
Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Президент Қ. Тоқаев ҚР Конституциясына сай митингтердің өтуін хабарламалы түрде реттеу қажеттігін айтты.
«Митингтер ешбір заңға қарама-қайшы келмесе, рұқсат беруге болады. Олар азаматтардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпке кедергі келтірмесе, әрине. Бұл менің ұстанымым. Біз оны заңнамалы түрде бекітетін боламыз», - деді Тоқаев.
Аягөз Құрмаш
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын”