• Басты
  • Минскімен белоруссиялық алкоголь нарығына кіру мәселесін талқыланды
2 Наурыз, 2020 15:03

Минскімен белоруссиялық алкоголь нарығына кіру мәселесін талқыланды

ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев Беларусь Республикасының Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің бірінші орынбасары Иван Вежновецпен кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Минскімен белоруссиялық алкоголь нарығына кіру мәселесін талқыланды

Қазақстан Республикасының делегациясы Беларусь Республикасындағы Сауда-экономикалық миссиясымен барды. Қазақстандық делегацияны ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев басқарады.

Миссия шеңберінде Қ. Төребаевтың БР Монополияға қарсы реттеу және сауда министрінің орынбасары Иван Вежновецпен кездесуі өтті. 

Тараптар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны реттеудегі елдердің тәжірибесін және қымбат емес бәсекелестікке қарсы күрес шараларын талқылады.

Атап айтқанда, Қайрат Төребаев біздің отандық тауарларды сөрелерде реттеу және нарықтығы аділетсіз басекелестікпен күресу шараларын талқылады.

«Нарықтық экономика жағдайында бағаны тұрақтандыру өте қиын. Тыйым салатын әдістермен нарықты теңшеу мүмкін емес болғандықтан, біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыруға жұмыс істейміз.  Өткен жылы нарықтық бағадан төмен бағамен әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларын сату жөніндегі міндеттемемен айналым қаражатын толықтыруға сауда желілеріне қарыз беру «айналым схемасы» іске қосылды. Радикалды шаралар да бізде бар: әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бөлшек сауда бағаларының шекті мәнінен асып кеткен жағдайда оларға шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағаларының мөлшері жыл ішінде 90 күнге дейін белгіленуі мүмкін», - деді Төребаев.

Ол сондай-ақ делдалдармен күрес аясында Қазақстан қазіргі заманғы тауар өткізу жүйесін: көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісін құру бойынша жұмыс жүргізуде.

Беларусь тарабы Қазақстанның тұрақтандыру қорлары арқылы бағаның өсуін тежеу бойынша тәжірибесі қызықтырды. Олар сондай-ақ, Нұр-Сұлтан ретро-бонустар бойынша сауда желілерімен жұмыс істеу тәжірибесі бойынша ақпаратпен бөлісуді сұрады.

Тараптар экономиканың сандық өзгеруі, сондай-ақ азық-түлік тауарларының биржалық саудасы жағдайында тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша мемлекеттердің тәжірибесін талқылады.

Қазақстан тарабы Минск мамандандырылған институтын сақтау мәселесін көтерді, бұл ЕАЭО елдерінің алкоголь өнімдерін өндірушілердің Белоруссия нарығына бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай шектейді. Атап айтқанда, Қайрат Төребаев қазақстандық компаниялардың мамандандырылған қызметтерді іріктеу конкурсына қатысуға заңды мүмкіндігіне қарамастан, конкурстық іріктеу рәсімдерінің айқындылығын соңғы кезеңде әкімшілік ету мүмкін еместігін хабарлады. «Комиссия отырысы жабық режимде өтеді. Қорытынды шешім қабылдау принципін нақты бақылауға мүмкіндік жоқ», - деді Төребаев.

Жалпы, тараптар елдеріміздің сауда қызметін реттеу, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және салауатты бәсекелестікті қамтамасыз ету бөлігінде министрліктер арасындағы ынтымақтастықты және ақпараттық алмасуды тереңдету қажеттілігі туралы пікірге келді. 

Қорытындысында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Монополияға қарсы реттеу және сауда министрлігі Сауда және қоғамдық тамақтануды реттеу, ішкі тұтыну нарығын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды