• Басты
  • Министрліктің құрылымында бірқатар өзгерістер орын алады – А.Аймағамбетов
17 Қазан, 2019 17:52

Министрліктің құрылымында бірқатар өзгерістер орын алады – А.Аймағамбетов

Министрлік жұмысының тиімділігін арттыру - маңызды мәселе. Бұл -ішкі бизнес-процестерді реттеу, кейбір функциялардың қайталануын болдырмау, әр қызметкерге нақты міндеттер жүктеу, бөлімшелердің жұмысын оңтайландыру мен олардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету және т. б.Біз министрлік жұмысына функционалдық талдау жүргіздік. Біраз мәселелер өзгерістерді қажет ететіндігі анықталды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Министрліктің құрылымында бірқатар өзгерістер орын алады – А.Аймағамбетов
«Мәселен, негізгі бөлімшелердің жұмысында басты назар стратегиялық басымдылықтарды анықтап, білім беру саясатын белгілеуге емес, ағымдағы операциялық-шаруашылық жұмыстарға аударылған.Мектепке дейінгі және орта білім беру, ТжКБ және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру секілді негізгі департаменттер өздеріне тән емес қызмет атқарады», - деді ол.

Министр айтқандай, конкурстық рәсімдерді жүргізу, мемлекеттік сатып алулардың техникалық сипаттамаларын әзірлеу, атқарылған жұмыстардың есебін қабылдау, актілерге қол қою, бюджеттік өтінімдерді жасау және т.с.

«Сөйте тұра, нормативті құжаттармен жұмыс істеу және өз саласындағы жұмысты үйлестіру сияқты басты міндеттеріне қажетті деңгейде көңіл бөлінбей келеді.Бірқатар қызметкерлер мен бөлімшелерде функциялардың қайталануы мен қарама-қайшылықтар анықталды.Құрылымдық бөлімшелердің жүктемелерін талдау да осындай сәйкессіздіктердің көп екендігін көрсетті. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің бір қызметкерінің жүктемесі басқа сервистік департаменттегіден 7 есе артық.Осы және басқа да мәселелерді шешу үшін министрліктің құрылымында бірқатар өзгерістер орын алмақ», - деді ол.

 Сонымен қатар, министр енді мемлекеттік сатып алу, орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау, бюджетті игеру, техникалық сипаттамаларды жасау сияқты барлық міндеттер қаржы департаментіне жүктелетінін айтты.

«Бюджеттік өтінімдерді әзірлеу мәселелерімен алдағы уақытта Бюджеттік жоспарлау департаменті айналысады.Вице-министрлер мен салалық департаменттер тек ғана өз бағыттары бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастырумен, осы салалардағы қызметті құқықтық қамтамасыз етумен және үйлестірумен айналысады.Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитет болып қайта құрылады. Демек Комитеттің миссиясы мен міндеттері де өзгереді. Ендігі міндет - тәртіп бұзушылықты тексеру мен анықтау ғана емес, сонымен бірге әдістемелік көмек көрсету. Өйткені, мақсатымыз - тексеру емес, сондықтан Комитет қандай сыныпта, қандай тақырып бойынша, қай жерде кемшін тұс, түйткілді жерлер бар екенін көрсетіп, осы мәселені шешу үшін егжей-тегжейлі ұсыныстар беретін болады», - деді ол.

Сонымен қатар, министр мектепке дейінгі және орта білім департаменті қызметкерлерінің саны басқа бөлімшелердің жұмыскерлерінің есебінен артып, Мектепке дейінгі және орта білім комитеті болып құрылатынын айтты.

   «Бұл ретте министрліктің жалпы штат саны артпайды, оның үстіне бос жұмыс орындары есебінен біраз қысқарту жоспарланып отыр.Министрлік қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқыту арқылы жұмыскерлердің әлеуетін күшейту жөніндегі жеке бағдарлама бекітудеміз. Курстарға және магистратурада оқытуға жіберу жөніндегі мақсатты бағдарлама дайындалуда.Өзгерістер әдетте адамдарды жайлы орыннан қозғайтыны белгілі.Дегенмен, бизнес-үдерістері, лауазымдық нұсқаулықтар және әрбір бөлімше мен қызметкердің функционалы нақты айқындалып, негізгі басымдықтар мен міндеттердің дұрыс қойылуына, өз кезегінде жұмысымыздың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретіндігіне сенімдімін», - деп түйіндеді ол.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды