• Басты
  • Министр салықты кейінге қалдыру туралы: 700 мың салық төлеуші қамтылады
2 Сәуір, 2020 09:34

Министр салықты кейінге қалдыру туралы: 700 мың салық төлеуші қамтылады

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджет параметрлері болжамын нақтылау және Президент Жарлығының жобасы енгізіліп отырғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Министр салықты кейінге қалдыру туралы: 700 мың салық төлеуші қамтылады
«Болжамды нақтылаудың негізгі факторлары – тұрақсыз сыртқы экономикалық жағдай, байқалып отырған жаһандық рецессия және коронавирустың таралмауы бойынша қорғау шаралары аясында іскерлік белсенділіктің баяулауы. Жыл басынан бері мұнай бағасы 66%-ке, металдар 16%-ке, әлемдік биржалық индекстер орташа есеппен 21%-ке төмендеді. Ағымдағы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мұнай бағасы бір барреліне 22 долларға дейін төмендеді», - деді министр.

   Сонымен қатар, министр осыны ескере отырып, ағымдағы жылғы сәуір-желтоқсанға мұнайдың орташа бағасы бір барреліне 20 доллар деңгейінде анықталатынын айтты.

   «Доллардың есептік бағамы 440 теңге деңгейінде және жылдық инфляция 9-11% аралығында есепке алынды. Бағаның төмендеуі аясында мұнай өндіру бойынша болжам 86 млн. тоннаға дейін азайтылды. Бұл тау-кен өнеркәсібі өндірісінің төмендеуіне әкеледі.Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, құрылыста және көрсетілетін қызметтер секторында, оның ішінде саудада бұған дейін мақұлданған өсу қарқындарымен салыстырғанда төмендеу күтілуде», - деді ол.

   Сонымен қатар, министр экспорт 16,3 млрд. долларға төмендеп, 35,1 млрд. долларды құрайды. Импорт 7,5 млрд. долларға төмендеп, 26,6 млрд. долларды құрайтынын айтты.

   «Жоғарыда аталған факторларды ескере отырып, жалпы ішкі өнімнің 0,9%-ке төмендеуі күтілуде.Номиналды жалпы ішкі өнім 69,7 трлн. теңге көлемінде бағалануда, бұл мақұлданған болжамнан 4,8 трлн. теңгеге төмен. Түзетілген макроэкономикалық болжамның негізінде  2020 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері болжамы нақтыланды», - деді ол.

Сонымен қатар, министр республикалық бюджеттің кірістері трансферттерді есепке алмағанда 2020 жылы 6,4 трлн. теңге көлемінде бағалануда, бұл бекітілген жоспарға қарағанда 1,7 трлн. теңгеге аз екенін айтты.

   «Негізгі төмендеу қосылған құн салығы,   шикі мұнайға экспорттық кеден бажы және табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер бойынша күтілуде.Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін қабылданған салықтық ынталандыру мен жеңілдіктер бойынша барлық шаралар бюджеттің кіріс бөлігінде ескерілді.Ірі сауда объектілері, сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер, қоғамдық тамақтандыру, қонақ үй, хостел және туристік қызмет объектілерін жылдың соңына дейін мүлік салығынан босату орнатылды», - деді ол.

Сондай-ақ, Р.Дәленов салық салудың жалпы белгіленген тәртібінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер жыл соңына дейінгі мерзімде жеке табыс салығынан босатылды.

   «Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер бойынша жер салығын жылдың соңына дейін төлемейді. Сондай-ақ, биологиялық активтерінің импорты жылдың соңына дейін қосылған құн салығынан босатылды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 30 наурыздан 1 қазанға дейінгі кезеңге 12%-тен 8%-ке дейін төмендетілді», - деді ол.

   Сонымен қатар, ол шағын және орта бизнесті еңбекақы төлеу қорынан алынатын салық және әлеуметтік төлемдерден 6 айға ағымдағы жылғы 1 қазанға дейін босату қарастырылғанын атап өтті.

   «Бұл шара туристік қызмет, қоғамдық тамақтану, қонақ үй бизнесі салаларын, ірі сауда объектілерін, сауда ойын-сауық орталықтарын, кинозалдар, театрларды, көрмелер мен дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, көлік қызметтерін, консультациялық қызметтер мен ақпараттық технологияларды, тамақ өнімдерін өткізу мен дәріханаларды қоспағанда сауда субъектілерін қамтиді», - деді министр.

   Министр айтып өткендей, салықтық әкімшілендіру бөлігінде 2020 жылдың 1 маусымына дейін шағын және орта бизнес субъектілері үшін барлық салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдерді және әлеуметтік жарналарды төлеуді кейінге қалдыру енгізілді.

«Бұдан басқа, төтенше жағдай кезеңінде салықтық тексерулер мен салық, кеден және әлеуметтік төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіру тоқтатылды.Жалпы, жоғарыда көрсетілген барлық шаралар 700 мың салық төлеушіні қамтиды»,- деді ол.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды