• Басты
  • Министр науқас адам өзгелерге инфекцияны жұқтырса, қылмыстық іс қозғалатынын айтты
13 Наурыз, 2020 18:25

Министр науқас адам өзгелерге инфекцияны жұқтырса, қылмыстық іс қозғалатынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында науқас адам өзгелерге инфекцияны жұқтырса, қылмыстық іс қозғалатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Министр науқас адам өзгелерге инфекцияны жұқтырса, қылмыстық іс қозғалатынын айтты
«Жұқпалы ауру деген сол. Адаманан адамға жұғады. Біздің негізгі мақсатымыз – инфекцияны тоқтату, жол бермеу. Азаматтардың тізімін анықтап, оларды тауып, санитарлық дәрігерлермен оларға ақпарат беру. «Сізді карантинге жатқызамыз, не үйіңізде бақылауда ұстаймыз», деп ескерту қажет. Кей жағдайда үйде карантинде отыру ыңғайлы, алайда ол әрбір азаматқа байланысты. Мысалы, жатақханада болса, оны карантинге алған жақсы», - деді ол.

Сонымен қатар, министр жауапкершілік өте жоғары екенін айтты.

«Барлығымыз дұрыс түсінуіміз керек. Бұл дүниежүзі бойынша жүріп жатқан жұқпалы ауру. Өкінішке қарай, тез жұғады, қуанышқа орай, барлығын қырып тастайтындай емес. Кәдімгі инфекциялық ауру. Тығылып, қорқып үйде отыру керек емес, алайда сақтану, алдын алу қажет», - деді ол.

Сонымен қатар, министр карантиндік талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылғанын айтты.

«Ондай жағдай болса, 5 айлықтық көрсеткіш,яғни 13 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Сонымен қатар, кейбір азаматтар карантинге қарсы болып, арнайы дәрігерлер мен полицияға қарсы шықса, қосымша әкімшілік бұзушылық бойынша шаралар қабылданады. Мәселен, талаптарға бағынбай жүріп, қандай да бір азамат науқас болып, ол арқылы өзге адамдар ауырып қалса, оған қатысты қылмыстық іс қозғалады. Жауапкершіліктің жоғарылығын түсіну керек», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
3.237.67.179, 192.168.88.100