• Басты
  • Министр 42 500 теңгені қалай алу туралы: енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ
1 Сәуір, 2020 17:56

Министр 42 500 теңгені қалай алу туралы: енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ

Төтенше жағдай кезіндегі еңбек мәселесі жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Президенті жанындағы баспасөз конференциясында айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
Министр 42 500 теңгені қалай алу туралы: енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ
«Мемлекеттік сақтандыру қорынан 42 500 теңгені кімдер алады? Бұл біріншіден, жалдамалы қызметкерлер. Орта және шағын кәсіпорындарда ақысыз демалысқа жіберілгендер. Өздерін-өзі жұмыспен қамтылғандар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер бар. Қазір елімізде 1,5 млн-нан астам жеке кәсіпкер бар. Жеке практикамен айналысып жүрген адамдар, оған жеке адвокаттар, сот орындаушылар, медиаторлар жатады. Азаматтық – құқықтық сипатта жұмыс істеп жүргендер, фрилансер дейміз, олардың елдегі саны 180 мыңнан асады. Бірыңғай жиындық төлемін төлеген азаматтар саны 316 мың адамды құрап отыр. Олар соңғы 12 айда бірыңғай жиынтық төлемін төлегендер», - деді министр.

Б.Нұрымбетов 42 500 теңгені алу үшін не істеу кергін түсіндірді.

«Енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек қана өтініш беріледі. Жұмыс беруші өтінішіне өзінің жұмысшыларының тізімін қосады. Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын дәлелдеудің қажеті жоқ. Өздері ұсынған ақпараттар қабылданады. Олардың барлығы электронды түрде болады», - деді министр.

Министр жаңадан жүзеге асырылатын шаралар туралы айтты.

«Халық тарапынан көп сұрақтар мен қиындықтар болып жатыр. Техникалық істерді жүзеге асырып жатырмыз. Әлі де жалғастырамыз. Egov.kz электрондық өтініш қызметте өз өтінішіңізді толтырасыз. Бұл жерде құжатты тіркеу деген қызмет алынып тастайды. Тек жеке өзіңіз жайлы ақпаратты бересіз. Оған  ЭЦҚ арқылы қол қойылады. Бұл туралы да көп сұрақтар қойылды. Электронды үкімет порталы азаматардың көп кіріуінен салмақты көтере алмай жатыр. Еңбек министрлігі BTS компаниясымен бірлесе отырып,  ертең не таңертең  42500 теңгеге арналған  арнайы сайт ашамыз. Ол сайтта азаматтар өтініштерін енгізіп, ЭЦҚ арқылы емес. СМС  арқылы құпия кілтті ала алады.Сайтқа кіру үшін компьютері жоқ азаматтарға арналған Telegram-бот іске асады. Ол жерде өтініш қалдыра аласыз. Ертең таңертең ол жүзеге асырылады. Бүгін кешке барлық әлеуметтік желілер мен ведомствоның сайтында жариялаймыз», - деді министр. 

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды