- Басты
- Жаңалықтар
- ҚМГ Директорлар кеңесі орталық аппараттың жаңа ұйымдық құрылымын бекітті
ҚМГ Директорлар кеңесі орталық аппараттың жаңа ұйымдық құрылымын бекітті

ҚМГ орталық аппараты ұйымдық құрылымының жаңа жобасы келесіні қамтиды: геология, барлау және өндіріс бөліктерін біріктіру.
Сәйкесінше, Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасарының қызметі қысқартылды; басқару деңгейлерін азайту. Нәтижесінде 22 басқарушы директордың лауазымдары жойылады; департаменттердің санын үш есе азайту.
«Корпоративтік орталықтың құрылымы шағын әрі жедел қимылдауға және бизнес үшін дағдарыс салдарын аз шығынмен еңсеру үшін тиімді шешімдер қабылдай алатындай болуы тиіс. Дағдарысқа қарсы стратегияны жүзеге асыруға баса назар аудару мақсатымен көптеген қызмет түрлерінен бас тартамыз және еншілес компаниялармен ықпалдастықтың тетіктерін қайта қарастыратын боламыз», – деді ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев.
ҚМГ-да бизнес-процестер оңтайландырылып, дағдарысқа байланысты өзектілігін жоғалтқан көптеген жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жоспарлар қайта қарастырылуда. Нәтижесінде орталық аппараттағы қызметкерлердің штаттық санын 34%-ға – 729-дан 480 адамға дейін азайту туралы шешім қабылданды.
ҚМГ басшылығы жұмысшылар мен олардың отбасы мүшелерінің алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін терең ұғына отырып, босатылған қызметкерлерге барынша қолдау көрсетуге ниетті.
Босатылған қызметкерлердің таңдауы бойынша қолдаудың бірнеше түрі көрсетілмек. Атап айтқанда, біржолғы жәрдемақы төлеу немесе басқа жұмысқа тұру үшін рекрутингтік ұйымдардың қызметін ұсыну не ҚМГ есебінен қайта оқытудан өту. Әлеуметтік жауапкершілікке негізделген босату шаралары «СамұрықҚазына» Қорының тапсырмасын орындау аясында дайындалды.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі
-
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер
-
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді
-
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
-
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
-
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру
-
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар

