• Басты
  • Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов
8 Қыркүйек, 2020 19:10

Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов

"Праймериз - 2020" додасының қатысушысы Расул Медетов елде жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күресте еркінсуге болмайтынын бүгінгі Байқоңыр ауданы тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар мен судьялар шетелдік банктен шот аша алмайды – Расул Медетов

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы басым бағыттарды көрсеткен болатын. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Серіктестік департаментінің директоры "Праймериз - 2020" қатысушысы Расул Медетов жемқорлық әрекеттерді тыятын бірнеше тетіктерді атап көрсетті. Ол Үкіметтен елдің әл-ауқатын көтеруге арналған бағдарламаларға бөлінетін қаражаттың талан-таражыға түспесін қамтамасыз ететін арнайы заң тетіктерін тағыда пысықтап алуды қажет   деп біледі. Сондай-ақ, 34 жастағы қатысушының айтуынша, ол өз қызметінде жемқорлықтың түр-түріне кезігеді.   

Азғантай пара алған қызметкерді ұстап, оны түрмеге отырғызудың еш тиімділігі жоқ. Олай дейтін себебім, абақтыда отырғандарды салық төлеушілер асырайды. Олар салық төлеушілердің есебінен ас ішіп, сонда жатады. Егер мұндай жемқорға ірі мөлшерде айыппұл салып, оған мемлекеттік қызметке жол жабылса, әлдеқайда пайдалы болады. Біріншіден – мемлекет қазынасына ақша түседі, екіншіден мемлекеттік мекемелерді жемқорлардан тазалаймыз. Ал миллиондап тонайтын шенеуніктердің орны, әрине, түрме. Мемлекет басшысы жемқорлық дерегімен ұсталған шенеуніктерді мерзімінен бұрын босатпау туралы шешім шығарған болатын. Сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, жаза күшейіп келеді, - деді ол.
Сондай-ақ Расул Махмудұлы шенеуніктер тапсыратын декларацияның тәртібін сынға алды.

Бәріңізге белгілі мемлекеттік қызметкерлер декларация тапсырады. Олар кіріс мөлшерін көрсетеді. Бірақ шығындарын, қанша ақша жұмсап жатқандарын көрсетпейді. Егер олардың кірісі ай сайын 200 000 теңге болып, ал шығындары 10 миллион теңге болса, біз жемқорларды оңай анықтар едік. Декларация туралы, оның ішінде бүкілхалықтық кіріс пен шығынды көрсету мәселесін агенттік төрағасы Алик Шпекбаев айтып жүр. Сонымен қатар агенттік тарапынан соттардың, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің шетелдік банктерде шотының болуына тиым салуды ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы қолдады, - деді спикер.

C86AAE62-DBC1-496D-8C23-D1AA0FA362D4.JPEG

 Расул Медетов Сингапурдың тәжірибесінен мысал келтірді.

Біздің субъектілер – тек мемлекеттік мекемелердегі қызметкерлер, депутаттар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік мекемелердің басшылары. Ал Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы органның субъектілері – бүкіл халық. Демек, ол жақта банкте кредит бергені үшін банк қызметкеріне сыйлық берген адам жауапқа тартылады. Бұдан бөлек, мысалы, баласына байқаудан бірінші орын сатып алып беру деген сияқты жемқорлықтың небір түрлеріне тосқауыл қойылады. Біз тек қана қызметкерлердің пара алуын анықтаумен шектелеміз. Біз тек мемлекеттік қызметкер емес, жариялық міндеттерді орындайтын тұлғаларға сыйбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қолдану мәселесін көтергіміз келеді. Пара алғаны үшін коммерцилық банктердің топ-менеджерлерін, табиғи монополия субъектілерінің басшылары және жария қызметшілердің басқа санаттарын жемқорлыққа барған мемлекеттік қызметкерді сиқты қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынғымыз келеді. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде кең тараған, - деп Расул Медетов өз ойымен бөлісті.

Барлық жаңалықтар