• Басты
  • Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер қызметін дамытуға шақырды
5 Ақпан, 2020 15:30

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер қызметін дамытуға шақырды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова Еріктілер жылы аясында мемлекеттік қызметшілер арасында  игі істер уақыты бастамасының бастау алуын хабарлады. А.Жаилғанова еріктілер қозғалысын дамытудың маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік қызметшілерді оған белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлады Strategy2050.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.


Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еріктілер қызметін дамытуға шақырды

«Биылғы жыл, өздеріңізге белгілі Еріктілер жылы деп Президентіміз бастама жасады. Былтырғы жыл Жастар жылы болса, биыл бізде Еріктілер жылы. Ендеше біздің

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі де осыған ат салысайын деп жатыр. Мысалы, бүгін біз қар тазалауға шықтық, өзіміздің көмегімізді көрсеткіміз келеді. Осы қаламыздың таза болуы үшін, парктың таза болуы үшін. Адамдарға осы парктың ішінде демалып жүруге, серуендеуге жағдай жасау үшін.  Жалпы еріктілерге келетін болсақ, ол бүкіл дүние жүзінде тараған жағдай. Біз бүкіл Агенттігімізбен ат салысайық деп шешім қабылдадық... 

 Дүние жүзінде, тіпті өте үлкен компанияларға жұмысқа тұру кезінде еріктілер ретінде қызмет істеген бе істемеген бе соған да байланысты. Яғни, ол әрбір адамның, сол кандидаттың адами қасиеттерін білдіреді, оның көпшілдігін, оның адамға деген жанашырлығын, бауырмалдығын, адамға ешқандай ақысыз енбегін көрсету сияқты...  

Біздін Агенттік осы жылдың аяғына дейін әр апта сайын халыққа, қоғамға жақсы әсерін тигізетін бір істер жасайтын болады. Сондықтан осы жылды тек қана еріктілер жылы емес, игі істер уақыты деп табамыз. Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілерді бізді қолдауды сұраймын. Егер де біз барлығымыз ат салысатын болсақ, біз үлкен күшпіз және үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймын»- деді Анар Жаилғанова.    

Жеңіс пен Бөгенбай батыр даңғылдарының қиылысында орналасқан «Ақжайық» саябағы бір жарым гектарды алып жатыр.  Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған саябақты Астана қаласының 20-жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы салған. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы. Сондықтан қар жинау орнын таңдау кездейсоқ емес. Қала тұрғындары ағымдағы қыста қар құрсауында қалған саябақтың жүгіру алаңын белсенді пайдаланады. 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қызметкерлері қала тұрғындарына саябақ аумағын кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін барлық периметрі бойынша жүгіру алаңын қардан тазалады. 

Бұдан бұрын, Агенттіктің елордалық департаментінің қызметкерлері толассыз жауған қардан кейін жеке секторда тұратын жалғыз басты қарт адамдарға қарды тазалауға көмектесті. Сол кезде ұжымның әйелдер қауымы таңертеңнен ауа райының қолайсыздығына қарсы күреске шыққан коммуналдық қызмет қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды