• Басты
  • Мемлекеттік сатып алу: Жеткізушілерді таңдау, кімдерге басымдық беріледі/ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

Мемлекеттік сатып алу: Жеткізушілерді таңдау, кімдерге басымдық беріледі/ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар

21 Тамыз, 2020 14:08

Бүгін елордада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов мемлекеттік сатып алуға қаржыны мақсатты бөлу, саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдың алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Мемлекеттік сатып алу - мемлекеттік реттеудің ең қиын бағыттарының бірі, өйткені тұтынушылар мен жеткізушілердің мүддесінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету өте маңызды.


Мемлекеттік сатып алу талаптары күшейтілді

«Біз өнім берушілерге қойылатын талаптарды азайтып, бизнестің мемлекеттік сатып алуға белсенді түрде қатысуын қамтамасыз еткен кезде келісімшарттық міндеттемелерді сапасыз орындау, бағаны негізсіз төмендету (демпинг) және білікті емес жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысу қаупі артады», - деді департаментінің директоры.

Ал оның сөзінше, жеткізушілерге қойылатын талаптарды күшейткен уақытта мемлекеттік тапсырыс берушілердің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері негізсіз талаптар қоюы артады. Бұл әлеуетті жеткізушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына кедергі келтіреді. Осындай жолмен бәсекелестік азаяды.

Сондықтан жағдайды түзету үшін мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі келеңсіз процестерді әрдайым назарда ұстау арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс жүргізілуде. Сонымен бірге біз мемлекеттік сатып алу саласын жетілдіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың бірінші кезеңінде оның айтуынша, бүкіл мемлекеттік сатып алу процесінің толық ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұрған. Бұл мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізуге және бәсекелестік ортаны қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Бұл тапсырма 100% орындалды. Бүгінгі таңда жоспарлау мен төлем жасауға дейінгі барлық процедуралар толығымен цифрландырылған және барлығына қолжетімді. Бұл реттеуші органдардың ғана емес, сонымен бірге қоғамның бақылауын күшейтуге мүмкіндік берді.

«Енді мемлекеттік сатып алу жүйесінің толық ашықтығына қол жеткізген кезде біздің алдымызда сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлықты жою міндеті тұр. Бұл міндеттер, мемлекеттік сатып алу жүйесін дамытудың бірінші кезеңінен айырмашылығы, айтарлықтай күрделі және қиын екенін мойындау керек, өйткені бұл мақсаттарға қол жеткізу бәсекелестікке және сатып алуға қатысуға тең қол жетімділікке теріс әсер етпеуі керек», - деді Сәбит Ахметов.

 

Электронды форматқа көшу

Оның сөзінше, сатып алудың қағаз түрінен веб-портал арқылы электронды сатып алуға көшу аясында біліктілігі жоқ қатысушылардың саны күрт өскен. Мұндай сатып алуға қатысушылар қажетті қаржы және еңбек ресурстарына, керекті біліктілік пен тәжірибеге сай болмады. Мұның бәрі тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау сапасының нашарлауына әкелген.

Мемлекеттік сатып алуларға тек материалдық және еңбек ресурстары бар білікті компаниялар ғана қатысуы үшін осыдан екі жыл бұрын әлеуетті жеткізушінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын анықтайтын жаңа талаптар енгізілді.

Бұл талап Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегінше, 4 параметр бойынша анықталады.

Бірінші кезеңде бұл критерий құрылыс саласындағы сатып алуларда қолданылған. Өйткені орта есеппен алғанда сатып алу бюджетінің шамамен 60 пайызы осы саламен байланысты. Мұндай тәсіл беделді компаниялардың, сондай-ақ қажетті материалдық және еңбек ресурстары бар компаниялармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар бұл басқа әлеуетті өнім берушілердің де қатысуына жол ашты. Олар қаржылық тұрақтылық өлшемдеріне сәйкес, жыл басынан бері 6 миллиард теңгеден астам сомада өз еркімен салық төлеген. Енді әлеуеті төмен компаниялар енді құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алуларға қатыспайды.

Бұл тәсілді кезең-кезеңімен кеңейту аясында 2020 жылдың 1 наурызынан бастап қаржылық тұрақтылық критерийі барлық жұмыс түрлері үшін 50 миллион теңгеден асады, ал 1 шілдеден бастап бұл тендерлер мен аукциондар арқылы өткізілетін барлық сатып алуларға қолданыла бастады.

 

Жеткізушілер қалай таңдалады

Сонымен қатар, оның сөзінше, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер ететін факторлардың бірі - жеткізушіні таңдаудағы сапа өлшемдерінен бағалық өлшемдерінің басым болуы.

Жеткізушіні таңдауға баға критерийінің әсерін азайту аясында біз шекті мәндерді белгіледік, одан төменде бөлінген сатып алу сомасынан бағаны төмендетуге жол берілмейді.

Оның сөзінше, бұл өте төмен бағамен тапсырыс берудің алдын алу үшін жасалады. Бұған дейін сатып алудың көптеген қатысушылары келісім-шарттарды орындау кезінде өз ұсыныстарын негізсіз төмендеткен, бұл сатып алу сапасына кері әсерін тигізген.

 

Салық ауыртпалығы критерийі не үшін енгізілген

Жеткізушіні таңдауда жұмыс тәжірибесін анықтау мақсатында сапалы критерийлермен қатар, әлеуетті жеткізушінің салық ауыртпалығы сияқты критерий енгізілді.

Бұл критерийдің ерекшелігі - бұл өлшем веб-порталда Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері негізінде автоматты түрде анықталады және есептеледі.

«Біз мемлекеттік сатып алуды тек бюджет қаражатын пайдалану (дамыту) құралы ғана емес, сонымен бірге мемлекеттің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру құралы ретінде қарастыруымыз керек», - деді ол.

Қол жеткізілген нәрселермен тоқтап қалмай, қазір мемлекеттік сатып алуды мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау құралы ретінде пайдалану мәселелерімен жұмыс істелініп жатыр.

Атап айтқанда, конкурстарда мүмкіндігі шектеулі адамдарды жалдайтын компанияларға артықшылық беріледі. Мұндай тәсіл компанияларды азаматтардың осы санатын жалдауға ынталандырмақ.

Сонымен қатар, нарықтық монополияны жою және шағын және орта бизнесті қолдау аясында біз сатып алуларға қатысудың лимитін белгілеу мәселесі пысықталуда.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар аясында шараларды қабылданған:

-        сатып алуларды электронды дүкен арқылы енгізу

-        электронды депозитарий

 

Электронды сауда

Электронды сауданың дамуыту үшін бұл әдісті енгізу өте өзекті. Енді сатып алудың мұндай тәсілін құны 100 АЕК-ден аспайтын тауарларға пилоттық режимде сынақтан өткізіледі.

Электронды дүкен арқылы тауарларды сатып алу нарықта жұмыс істейтін интернет-дүкендермен біріктірілген мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Электронды дүкеннің ерекшелігі - сатып алудың бұл әдісі тұтынушыға өзіне қажет тауарды таңдау еркіндігін береді, ал мұндай тауарды жеткізуші ең төменгі баға негізінде анықталады.

Бұл тәсіл, бір жағынан, сапалы тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді, екінші жағынан, клиенттер тарапынан да, жеткізушілер тарапынан да пайдаланып кету секілді қауіп-қатердің алдын алады.

 

Электронды депозитарий

Электронды депозитарий құрылды, яғни жұмыс тәжірибесін растайтын барлық құжаттардың электронды базасы жасалмақ.

«Қазір тексеру жұмыстары жүргізілуде. Электронды депозитарийге енгізілген ақпараттың дұрыстығын тексеріліп жатыр», - деді Сәбит Ахметов.

Электронды депозитарийді енгізу әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесін автоматты түрде есептеп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоймақ. Сонымен бірге сатып алудағы сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жалғыз шарты - бұл жеткізушіні таңдау процесінде адами факторды алып тастау. Сондықтан оның айтуынша, қазір рейтингтік-баллдық жүйені қолдана отырып, сатып алудың жаңа әдісін енгізу мәселесімен жұмыс істелуде. Сатып алудың бұл әдісі адами фактордың мемлекеттік сатып алу процесіне қатысуын толығымен алып тастауды көздейді.

ЭСЖ жүйесін кеңінен енгізу арқылы веб-портал автоматты түрде әлеуетті жеткізушілерге тиісті рейтинг тағайындайды.

Мысалы, жақсы беделге ие болу үшін берілетін ұпайлар автоматты түрде беріледі.

Осылайша, баға мен сапа өлшемдерінің үйлесімін ескере отырып, ең көп ұпай санына сүйеніп, мемлекеттік сатып алу веб-порталы автоматты түрде конкурстың жеңімпазы анықтайды.

«Біз Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде жеткізушілерді автоматты түрде таңдаудың осы қағидасы мен тәсілін ұсынамыз», - деді Сәбит Ахметов.

Жоғарыда аталған барлық жаңалықтар мен ұсыныстар қазір Парламент Мәжілісінде қаралып жатқан мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасы аясында әзірленіп жатыр.

Барлық жаңалықтар