- Басты
- Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 162 миллиард теңгеден астам төлем төленді
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 162 миллиард теңгеден астам төлем төленді
2019 жылғы 10 айда әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы азаматтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жалпы сомасы 162,1 млрд. теңге көлемінде төлемдер жүргізілді.

Жүктілік пен босану, жаңа туған баланы (қызды) асырап алу бойынша әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 65,1 млрд теңгені, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша – 74,2 млрд теңгені, еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша – 11,4 млрд теңгені, асыраушысынан айырылу бойынша – 7,8 млрд теңгені, жұмысынан айырылу бойынша – 3,6 млрд теңгені құрады.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдердің орташа мөлшері 424 063 теңгені құрады, мұндай төлемді 164 мың қазақстандық алды.
Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 30 925 теңгені құрады, оны 395 мың азамат алды.
54,7 мың адам жұмысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алды, оның орташа мөлшері 22 631 теңгені құрайды.
46,6 мыңнан астам қазақстандыққа асыраушысынан айрылу жағдайында төлемдер төленді, олардың орташа мөлшері 17 628 теңгені құрады.
Тағы 85,3 мың азамат еңбекке қабілетінен айрылуы жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алды. Бұл төлемнің орташа мөлшері 14 860 теңгені құрады.
Қазақстанда жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді. МӘСҚ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын алушыларға: мүгедектігі бар адамдарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, жұмысынан айрылған азаматтарға, жүктілігіне және жүкті әйелдердің босануына байланысты, бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты отырған аналарға төлемдер төлеуді қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызды функцияларды орындайтынын еске саламыз.
-
Қостанай облысында 24 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қостанай облысында 24 561 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 16 305 адам жұмысқа орналастырылса, оның 13 287-сі немесе 81,5% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
03 Желтоқсан 2019, 13:30
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға артты
2019 жылдың он айындағы қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өскен. Бұл туралы "Азық-түлік тауарлары бағасын тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары" туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 17:48
-
Қарағанды облысында 43 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Қарағанды облысында 43 853 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 33 901 адам жұмысқа орналастырылса, оның 30 621-і немесе 90% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
27 Қараша 2019, 09:50
-
Д.Назарбаева Татарстан Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасымен кездесті
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің Төрағасы Фарид Мұхаметшинмен кездесті.
26 Қараша 2019, 19:22
-
А.Мамин мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «электрондық үкіметті» дамыту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Жиында А. Мамин интернет арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін 90%-ға дейін жеткізу міндетін қойды, деп хабарлады Strategy2050.kz.
26 Қараша 2019, 11:02
-
Ішкі істер министрінің қабылдауына 100-ден астам адам жазылды
102 адам жалпы республикалық бірыңғай азаматтарды қабылдау күні Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қабылдауына жазылды.
21 Қараша 2019, 14:50
-
БҚО-да 23 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты
2019 жылғы он айдың қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысында 23 346 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 14 748 адам жұмысқа орналастырылса, оның 9 978-і немесе 68% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
19 Қараша 2019, 16:26
-
Биыл балалары бар отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 162 млрд теңгеден астам қаражат төленді
2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді.
18 Қараша 2019, 16:02
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
Алматыда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері талқыланды
Еліміздің ең ірі мегаполисінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ұлттық экономика вице-министрлерінің, Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің, сондай-ақ мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерінің қатысуымен мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
15 Қараша 2019, 13:00
-
Жамбыл облысында 30 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты
2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша Жамбыл облысында 30 304 адам 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. 23 793 адам жұмысқа орналастырылса, оның 17 842-сі немесе 75% тұрақты жұмыс орнымен қамтылды.
14 Қараша 2019, 10:18
-
Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму ахуалы қандай
Алматы облысының аудандары белсенді даму үстінде. Жеке аудандардың дамуы жалпы облыстың қарқынды дамуына ықпал етеді. Мәселен, Көксу ауданында 2100 гектарға қант қызылшасы себілген, қазіргі кезде соның 1800 гектары толығымен жиналды. Орташа өнімділігі 370-380 центнерден айналуда, деп хабарлады Strategy2050.kz.
13 Қараша 2019, 11:35
-
Б. Нұрымбетов «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларын құттықтады
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен кездесті.
08 Қараша 2019, 16:26
-
Жалға берілетін тұрғынжайды алуға алғашқы сағатта 1500-ден астам адам тіркелді
Нұр-Сұлтан қаласының жұмыс істеп жүрген жастарынан сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжай алуға өтініштер қабылдау басталды. «Астана Innovations» АҚ-ның баспасөз-хатшысы Әсел Әілмханова өзінің Фэйсбук парақшасында атап өткендей, таңертеңгі сағат 11.00-де 1500-ден астам адам Smart Astana www.smart.astana.kz сайтына кіріп үлгерді.
05 Қараша 2019, 15:06
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды