• Басты
  • Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді

Мемлекеттік басқару академиясының «QazaqResmiTest» тестілеуінің форматы қалай өзгерді

23 Желтоқсан, 2020 18:08

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл «QazaqResmiTest» тестілеуінің жаңа форматымен таныстырды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Бұл тестті кез келген уақытта онлайн режимде тапсыруға болады. Жаңа форматтың басты ерекшелігі мемлекеттік тілде сөйлеу және жазу деңгейін анықтайды. Ерлан Әбілдің айтуынша, онлайн тестілеудің жаңа форматы тілдік біліммен қатар, ресми-іскерлік хат және мемлекеттік тілде сөйлеу деңгейін қоса алғанда, тілді меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Тест негізінен ересек аудиторияға арналған және ғылыми, ресми-іскерлік стильдегі мәтіндерді құрастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу, сұқбаттасу кезінде сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын анықтауға бағытталған», - деді ол.

2021 жылы қазақ тілін меңгерудің қажетті деңгейін растайтын QRT немесе QAZTEST сертификатының болуы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура мен докторантураға түсу кезінде міндетті талап болады.

Ректордың мәлімдеуінше, тестті осы жылдың шілде айында академияға оқуға түсетін үміткерлер сынақтан өткізген. Жүзге жуық мемлекеттік қызметші тестілеуді ерікті түрде тапсырды. Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқыту мектепке дейінгіден бастап жоғары білімге дейінгі білім беру стандарттарында нормативті түрде қарастырылған. Кәсіби қызметте қазақ тілінің жалпы деңгейін меңгеріп қана қоймай, ресми-іскерлік стильде түрлі мәтіндерді құрай білу және көпшілік алдында ресми сөз сөйлеу стратегиясын пайдалану қажет.


Келесі жылы қазақ тілін меңгерудің қажетті деңгейін растайтын сертификаттың болуы академияға магистратура мен докторантураға түсу кезінде міндетті талап болады. Сонымен қатар, келесі жылы Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер үшін де осындай талапты таратуды жоспарлап отырмыз.

"QazaqResmiTest" мемлекеттік тілді оқытудың деңгейлік тұжырымдамасына сәйкес және орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, «қазақ тілі» пәнінің жаңартылған мазмұнының үлгілік оқу бағдарламалары негізінде, әлемдік тәжірибені ескере отырып әзірленді және жоғары оқу орнынан кейінгі қазақ тілінің орфографиясы, аудиотыңдау, оқу, жазу және ресми-іскерлік стильде сөйлеу бойынша нормалардан тұрады»,- деді Е.Әбіл.

QAZAQ RESMI TEST – онлайн іріктеу жүйелеріне маманданған қазақстандық TALANTIZ компаниясы әзірлеген онлайн тестілеу жүйесі. Компания «Президенттік жастар кадр резерві», «Болашақ» шәкіртақысы үшін үміткерлерді онлайн іріктеу платформасы, AIFC Leadership Programme (АХҚО-ның көшбасшылық бағдарламасы) сынды және өзге де көптеген жобаларды әзірледі.

Тестті енгізгеннен кейін қазақстандық жоғары дәрежелі шенеуніктер қазақ тілінде сөйлеп, сұрақтарға мемлекеттік тілде еркін жауап бере бастаса, ол – бұл тестті жасаушылардың басты мақсаты. Ректордың пікірінше, тестілеудің жаңа форматы тілді меңгеру деңгейін тексеру үшін емес, кез келген ұйымның қызметкерлеріне дұрыс бағдар алуға көмектесу үшін жасалған.

«Өйткені, адам шет тілін үйренуге ниет білдірген кезде, ол әрқашан өз деңгейін анықтау үшін қандай да бір тесттен өтеді және соған сәйкес қандай да бір білім беру бағдарламаларын әзірлейді. Қазір қазақ тілі курстары жүріп жатқанда тіл деңгейін анықтау өте субъективті болады. Мұны жасай алатын бір ғана тест бар – «QazTest». Бұл – ресми тест. Бүгінде жұмыс берушіде, қызметкерде және ересек аудиторияны дайындайтын тіл орталықтарында балама бар. Бұл жоғары буын басшыларына іскерлік қазақ тілін еркін меңгеруге көмектесе ме? Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз және оны одан әрі жалғастырамыз. Бұл мемлекет алдымызға қойған міндет», - деп жауап берді Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл.

Барлық жаңалықтар