• Басты
  • Мемлекет тарапынан ұстаздарға жағдай жасалып жатыр – Р. Биғари
4 Қазан, 2019 15:15

Мемлекет тарапынан ұстаздарға жағдай жасалып жатыр – Р. Биғари


«Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: мұғалімнің әлеуметтік рөлін арттыру аспекті» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысқан ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари қазіргі таңда мемлекет тарапынан ұстаздарға жасалып жатқан шараларға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 
Мемлекет тарапынан ұстаздарға жағдай жасалып жатыр – Р. Биғари  | Strategy2050.kz
«Жалпы, мемлекет тарапынан ұстаздарға көптеген жағдай жасалып жатыр. Мәселен, 2016 жылдан бастап жалақыларына үстеме жалақы қосылып келеді. Сондай-ақ, ұлттық тесті сәтті тапсырған ұстаздардың да жалақысы артуда. Мемлекет басшысы тамыз конференциясында айтып өткендей, ұстаздардың жалақысы алдағы төрт жылда екі есе өседі. Келер жылдан бастап олардың жалақысы 25 пайызға көбейеді», - деді ол.

Бұдан бөлек, жыл соңына қарай қабылданады деп жоспарланған «Мұғалім мәртебесі» туралы заңда қарастырылған мәселелерді атады.

«Қазір Елбасының тапсырмасымен заң жобасы жасалды. Ол заңда ұстаздардың құқығын қорғау, оқу жүктемесін төмендету, марапаттармен қатар материалдық стимул да қарастырылған. Сондай-ақ, заң бойынша, сынып жетекшілікке, дәптер тексергені үшін, педагогикалық қабілеттеріне байланысты үстеме жалақы да беріледі. Сонымен қатар, келесі жылдан бастап магистр дәрежесі бар ұстаздардың да айлығы артпақ», - деді Рүстем Биғари.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды