• Басты
  • Мемлекет әлеуметтік топтардың мәселесін шешу үшін жаңа әдіс-тәсілдер ұсынып жатыр – сарапшы
9 Қазан, 2019 18:05

Мемлекет әлеуметтік топтардың мәселесін шешу үшін жаңа әдіс-тәсілдер ұсынып жатыр – сарапшы


Еліміздегі әртүрлі әлеуметтік топтардың проблемаларын шешу мақсатында мемлекет жаңа әдіс-тәсілдерді жүзеге асыруды қолға алды. Әсіресе, көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі басты назарда. Үкімет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер жөнінде "Мүгедек жастар қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұрат Әбдімомыновтың пікірін білген едік.
Мемлекет әлеуметтік топтардың мәселесін шешу үшін жаңа әдіс-тәсілдер ұсынып жатыр – сарапшы | Strategy2050.kz
"Бүгінгі күні Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Президенттің тапсырмасымен әртүрлі әлеуметтік топтардың мәселелерін шешу мақсатында көптеген істерді жүзеге асыруда. Мәселен, кеше ғана АӘК беру тәртібі өзгерді. Бұдан былай, табысына қарамастан барлық көп балалы аналар атаулы көмекті алу мүмкіндігіне ие болды. Атап айтсақ, 4 баласы бар аналар 42 мың 500, 5 баласы барлар 53 мың 125, 6 баласы бар аналар 63 мың 750, 7 баласы барлар 73 мың 375 теңге көлемінде көмек алады", - деді Мұрат Әбдімомынов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, мұндай шаралар бұған дейін орын алған заңсыздықтардың енді қайта қайталанбауы үшін жасалуда. 

"Бұған дейін көпшілік отбасы өздерінің табысын жасырып келді. Көптеген заңсыздықтар орын алып, шынымен мұқтаж жандарға көмек жетпей қалды. Салдарынан қомақты қаржы желге ұшып кетті. Сол себепті де Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі атаулы әлеуметтік көмек беру тәртібін өзгертіп, жаңа әдіс-тәсілдерін ұсынды", - деді ол.

Сонымен бірге, Мұрат Әбдімомынов аталған министрлік тарапынан атаулы әлеуметтік көмектен басқа да әлеуметтік жеңілдіктер жасалатынын атап өтті.

"Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен, және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етіледі. Оқушы балалар үшін мектептерде тегін ыстық тамақ қарастырылып, күнделікті мектепке барып-келу жолақысы тегін болмақ. Сондай- ақ, мектеп формасы мен оқу құралдарын беру де мемлекет есебінен көзделіп отыр. Бұдан бөлек, көп балалы аналарға облыс, аудан әкімшілігі тарапынан қыстық отын, ағаш, көмірмен қамтамасыз етілмек", - деді ол.

Сондай-ақ, «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалатын жұмыстарға тоқталды. 

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға тең мүмкіндік жасалуы тиіс деп баса айтты. Қазір олардың көптеген мәселелерін шешу үшін мемлекет барлық шығындарды өз мойнына алып отыр. Мәселен, олар үшін мамандандырылған оқуы орындары, яғни, тегін білім беретін колледждер ашылады. Ал, оқу орындарының қандай мамандар дайындап, қандай сабақтардан дәріс оқылатынын Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қарастыруда. Сондай-ақ, кешегі борыш жүктемесін азайту жеңілдігіне іліккендердің қатарында көпбалалы отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар, мүгедек балаларылар отбасылар, 1,2,3 топтағы барлық мүгедектер мен тағы басқа әлеуметтік осал топтағы азаматтар бар", - деді. 

Оның айтуынша, азаматтар өздерінің бұл тізімде бар-жоғын халыққа қызмет көрсету орталықтарынан білуге мүмкіндіктері бар. Ал, бұл жасалып жатқан жеңілдіктердің қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді деді ол.

Назерке Сүйіндік 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды