• Басты
  • Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді
16 Мамыр, 2020 14:00

Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді

17 мамыр Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Осыған орай мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына жазба қалдырып, ел президентінің туған күні атап өтімейтінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді

Жазбадағы оның сөзіне сүйенсек, соңғы күндері бірқатар ақпарат құралының өкілдері "Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?" деген сауал жолдапты.

"Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған", - деп жазады ол.

Алайда, Берік Уәли көрші мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде екенін тілге тиек етті. Оның айтуынша, қазірдің өзінде халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтау хаттары келіп үлгерген.

"Дегенмен ертең Қасым-Жомарт Кемелұлын туған күнімен көршілес мемлекеттердің басшылары телефон арқылы құттықтайды деп күтілуде. Қазірдің өзінде көптеген Мемлекет және Үкімет басшыларының, Парламент төрағалары мен халықаралық ұйым жетекшілерінің құттықтаған жедел хаттары келіп жатыр. Мұндай құттықтаулар ертең кешке дейін әлі де жалғаса береді деп ойлаймын", - деді Берік Уәли.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды