• Басты
  • Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады
22 Қаңтар, 2020 11:39

Мемлекет басшысы Тимур Құлыбаевты қабылдады

Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 

Мемлекет басшысы  Тимур Құлыбаевты қабылдады

Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, фермерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қаржы айналымының қажеттілігі, экономиканың өзге де секторларына қаражаттың қолжетімділігі жайында баяндалды.

Импортты алмастыру, мемлекеттік сатып алулардың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды. Президент қолда бар ресурстардың бәрін іскерлік белсенділікті ынталандыруға және өндірісті дамытуға бағыттау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу кезінде кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар жұмысының тиімділігі сөз болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы жаппай кәсіпкерлік пен адами капиталды дамытуға негізделген «Үкімет бизнес үшін», «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобаларының жүзеге асырылу барысы туралы да айтты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды