• Басты
  • Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады
23 Маусым, 2020 10:47

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Бүгін - Қазақстанда полиция күні. Осы орайда ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады, деп хабарлады Strategy2050.kz.

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін мерекемен құттықтады

"Қазақстанның полиция  қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі. Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!", деп жазды ол Javascript ">Twittеr парақшасына.

Барлық жаңалықтар