• Басты
  • Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті
30 Қазан, 2019 16:41

Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы резиденциясында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

«Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетовамен кездесу барысында азаматтық қоғамның перспективалары және құқық қорғау ұйымдарының мемлекеттік органдармен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды.

Әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының басшысы Гүлмира Илеуова  «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. Атап айтқанда, ол аталған тұжырымдаманы жүзеге асыруда әлеуметтік зерттеулердің атқаратын рөлі туралы айтты.

Сонымен қатар кездесуде Қоғамдық кеңестер институтының жұмысы, жоғары оқу орындарына автономия беру, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.

Алматы жоғары басқару мектебінің және «Аспандау» ғылыми-білім беру қорының президенті Қанат Нұров әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізу, жекеменшік институттар мен қор нарығын дамыту мәселелерін қозғады.  

·         

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды