• Басты
  • Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды
7 Сәуір, 2020 16:30

Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды

Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы көлік-логистика орталығына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Continental Logistics" ЖШС-ның көлік-логистика орталығына барып, 6 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары сақталған қойманы аралап көрді. Жалпы Нұр-Сұлтан қаласының аумағында көлемі 222 мың шаршы метр болатын 7 логистикалық кешен және 37 мың тонна азық-түлік өнімдерін сақтауға арналған 7 көкөніс қоймасы бар.

Президентке елорда мен өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі жайында баяндалды. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында қабылдаған шаралар туралы мәлімет берді. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазақстан Президентіне көкөніс өнімдерін, бидай мен ұн жеткізу жайын баяндады. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына елорданың қазіргі ахуалы жөнінде есеп берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке облыстар мен қалалардың әкімдерімен бірлесіп, азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауына жол бермеуді, алып-сату фактілерінің алдын алуды, сондай-ақ, тұрақтандыру қорын толықтыруды тапсырды.

«Бұл - өте маңызды жұмыс. Халқымызды азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі - басты міндет. Осы бағытта дұрыс жұмыс жүргізу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргідей Төтенше жағдай кезінде азық-түлік тауарларын тұрақты жеткізу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге ерекше мән берілетінін жеткізді.

Президенттің айтуынша, Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтері жәрдем сұраған жағдайда, Қазақстан аталған елдерге ынтымақтастықтың белгісі ретінде тиісті көмек көрсетуге әзір.

«Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттерге гуманитарлық көмек көрсетуге дайынбыз. Қазақстан - аймақтағы көшбасшы ел. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңде көмекке зәру елдерге қол ұшын созу міндетіміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды