• Басты
  • Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады
16 Қаңтар, 2020 12:22

Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындаулар жасады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

 


Мемлекет басшысы бірқатар тағайындаулар жасады

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен;

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.

«Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», - делінген Жарлықта.

 

Барлық жаңалықтар
66.249.70.68, 192.168.88.100