• Басты
  • Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді
31 Қазан, 2019 18:20

Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы бірқатар кездесулер өткізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова Қасым-Жомарт Тоқаевқа Президенттік жастар кадрлық резервін жасақтауға байланысты конкурстың өткізілуі жөнінде баяндады.

Мемлекет басшысы әділ әрі ашық байқау өткізіп, ең үздік кандидаттарды іріктеудің, сондай-ақ, таяу жылдары оларды жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің маңыздылығын айтты.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар, әлеуметтік инфрақұрылымның ахуалы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы нысандардың құрылысы, сондай-ақ, тұрғын үй және  автожол салу жұмыстарының барысы туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын, жылу беру маусымының өткізілуін, сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмектің берілуін бақылауда ұстауға байланысты бірқатар тапсырма берді.

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қасым-Жомарт Тоқаевқа тұрғындардың әл-ауқатын арттыру және қалаға қосылған аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жайында баяндады. Сондай-ақ кездесу барысында Президентке Шымкент қаласын дамытудың үшжылдық жоспары ұсынылды.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкіміне қала төңірегін электр қуаты, газ, ауызсу және жол секілді қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді  жүргізу аса маңызды екенін айтты.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды