• Басты
  • Мемлекет қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде індет кең тарамады – Ж.Ергешбаев
28 Сәуір, 2020 11:13

Мемлекет қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде індет кең тарамады – Ж.Ергешбаев

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың коронавирус індетіне қатысты жасаған мәлімдемесі атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымдылығын көрсетеді. Бұл туралы  ЕҰУ ақпарат орталығының қызметкері Жұмағали Ергешбаев айтты, деп  хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Мемлекет қабылдаған іс-шаралар нәтижесінде індет  кең тарамады – Ж.Ергешбаев
«Бүкіл дүние жүзімен қатар елімізде болып жатқан аты жаман індеттің салдарынан жарияланған төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін оқып, біраз істің атқарылып жатқанына көзім жетті.Төтенше жағдайда мұны көріп те, біліп те жүрміз. Әрине, елдің басына қиындық туса ел басшыларының атқарар міндеті орасан мол. Дегенмен, "көп түкірсе көл", демекші ел арасында өздерінің қамқорлықтарын жасап жүрген жандар да аз емес», - деді Ж.Ергешбаев.

Ол  алғы шепте жүрген ақ халатты абзал жандардың ерекше атап өтті.

«Сондай-ақ бизнес, өнер  саласындағы  бірқатар  азаматтардың еңбегін атап өтуіміз қажет. Әрине, бұл кезең  жұртшылыққа оңай тимегені анық. Кейбір аға-інілеріміз,апа-қарындастарымыздың жұмысын жоғалтып, табыссыз қалғанын естіп, көңіл күйің түседі. Түрлі ойға батасың. Өз басымда не бір ойға алған жоспарларымның орындалмай жатқанына қынжыламын. Елімнің азаматы ретінде қауіпті індет Қазақстанда кең жайылып кетпеуі үшін күресіп жатқан мемлекеттік іске түсіністікпен қараймын.Соның арқасында негізінен індет басқа елдердегідей кең жайылған жоқ.Елдің бірлігі халықтың амандығы. "Сабыр түбі - сары алтын", Үкімет пен басшылық, үлкен кішіміз бір ауыздан бір-бірімізге қолдау көрсетсек біз бағындырмайтын шың болмас. Біз әрқашан біргеміз», - деді ол.

   Аягөз Құрмаш

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды