• Басты
  • Мектепке жұмысқа тұру үшін ақша төлеуді талап ететін аудандар бар - Р. Гасанов
15 Қазан, 2020 15:28

Мектепке жұмысқа тұру үшін ақша төлеуді талап ететін аудандар бар - Р. Гасанов

Бүгін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің AntikorLive жобасында Қазақстандағы цифрландыру жүйесі туралы әңгіме айтылды. Спикер еліміздің цифрлық даму саласында қоғамдық бақылау жұмыстары қалай жүргізілліп жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Мектепке жұмысқа тұру үшін ақша төлеуді талап ететін аудандар бар - Р. Гасанов

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы «Адалдық алаңының» жетекшісі, «Қазақстан балалар үйі түлектерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Рафаэль Гасанов еліміздің цифрландыру жағдайы қалай жүргізіліп жатқанын айтты. «Адалдық алаңы» деп аталатын қоғамдық кеңсе осы жұмыстармен айналысатынын нақтылады.

Оның айтуынша, цифрландыру жүріп жатыр, бірақ баяу.

Жақында цифрлық даму министрімен кездестім. Мысалы мен цифровизация саласында маман емеспін. Бізге шағым айтып келетін халықтың қарасы көбейді. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда «Адалдық алаңы» кеңсесі халықтың сеніміне кірген сияқты. Өңірлерде цифрландыру жүйесін орнатуда үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Мамандар мектептердегі кадр саясатын жүргізуду сандық технологияға көшіруді қолға алды. Көп естиміз, елді-мекендерде, ауылдарда мектепке жұмысқа орналасу үшін қомақты қаражатты пара етіп беру керек екен. Осындай заңсыздықтардың болмауы үшін әр салада цифрландыру жүйесі қажет, - деді ол.

Ғасановтың айтуынша, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары көбінесі әлеуметтік желі арқылы түседі.

Жеке өзіме келіп түскен 300-ге жуық шағымды инстаграм мен фейсбуктегі ресми парақшаларымда алдым. Біз ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы «Адалдық алаңында» азаматтардың видеоүндеулерін жариялай алатын арнайы алаң жасадық. Ол үшін азаматтар біздің бас кеңсеге келіп, арнайы кабиналарда видеоүндеуін айтады. Әлі видеоүндеу жариялаған азамат болмады. Уатсап мессенджері арқылы да өтініштер қабылдаймыз, - деді ол.

Гасанов министрліктердің халықпен байланыс орнатуына көңілі толмайтынын айтты.

03-4_3fd8491d.jpg

Қайсыбір министрлікті алып қарасақ, бәрінде информациялық жүйе жолға қойылған. Бәрінің сайты бар, телефондары ашық көрсетіледі, әлеуметтік желіде де ресми парақша ашқан, азаматтардың өтінішін қараймыз деп жазады. Ал іс жүзінде бәрі басқаша. Тұрғындар үшін министрліктер әлі де қолжетімді болмай отыр. Біз цифрлық даму министрлігімен және басқа да министрліктермен бірігіп ведомствоаралық комиссия құрып, азаматтармен байланысты цифрландыру мәселесін оңтайлы шешу жолдарын қарастыруды қолға алдық. Айтпақшы, ертең ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді, - деді жас маман.

Бұдан бөлек, басқа да халық жиі баратын жерлерде халықтың өтініштерін қабылдайтын нұсақаулықтар болады.

Мысалы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында менің аты-жөнім, қызметім, фото мен телефон нөмірім көрсетілген тақтайшалар ілінеді. Адамдар қандай да бір жүйеге тіркелу немесе жәрдемақы алу үшін электронды құжат тапсыру кезінде қиындықтарға тап болса, маған хабарласа алады. Мен Қазақстанның әр ауыл-аймақтарындағы халық үшін цифрландыру жүйесі түсінікті әрі қолжетімді болғанын қалаймын. Сол үшін осындай жұмыстар жасап жатырмыз. Екіншіден бізде ортақ сайт бар. Онда біздің есептер, сауалнамалар, тікелей байланыс, форумдар мен пікірталастар жарияланады. Осы жерде тұрғындармен мәселелерді талқылауға да болады. Мұндай 500 сайт ашып, әр министрлік қаражат шығармай-ақ қойса да болады. Осы күнге дейін азаматтармен байланыс орнату үшін ашылған сайттардың жұмысын бір орынға қойып алу керек, - деді Р.Гасанов.

Қоғам мен билік арасында тікелей ашық байланыс орнататын кез келді.

Цифрлық даму министрлігінде 5 комитет бар. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспар құрады. Бұл жұмысқа ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің араласады деген ойдамыз.

AntikorLive спикерінің сөзінде «Адалдық алаңы» кеңсесінің қызметі:

-         Билік пен қоғам арасында ашық диалог орнату;

-         Мемлекеттік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу;

-         Азаматтармен кері байланыс орнатып, олардың өтінішін қабылдау;

-         Азаматтардан түскен өтінішті шешуші тиісті органдарға жіберіп, оның орындалу процессін соңына дейін бақылау;

-         Өтініш түскенде оның тиісті органға жіберіп, оның шешілу процессін бақылау.

-         Қазақстанның шалғай аймақтарындағы халықтың үнін «есту».

Адалдық алаңының міндеті – тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамытып, азаматтар мен бизнес өкілдері үшін кедергісіз және қолайлы жағдайлар жасау. Нақтырақ, әр облыстағы тұрғындарының тұрмыстық жемқорлық фактілері бойынша өтініштерін қабылдау және тиісті шешім қабылдануын қадағалау. «Адалдық алаңы» кеңсесінде атқарылған жұмыстарды ашық жариялау.

«Адалдық алаңы» кеңселері барлық облыста бар. Олар азаматтардың өтініштерін қабылдайды.

Барлық жаңалықтар