• Басты
  • Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметі жұртшылық үшін ашық болады
29 Мамыр, 2020 17:11

Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметі жұртшылық үшін ашық болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Медициналық-әлеуметтік мекемелердің (бұдан әрі – МӘМ) жұмысын жетілдіру бойынша шаралар кешенін әзірледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері орынбасарларының қатысуымен бейнеконференция байланысы режимінде өткен жұмыс кеңесінде тиісті ұсынымдар мен тапсырмалар берді.
Медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметі жұртшылық үшін ашық болады

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы МӘМ бөлімдеріне қарайтын адамдардың құқықтарының бұзылу фактілері кең қоғамдық резонанс тудырды. Аягөз балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының 4 тәрбиеленушісі қайтыс болды, Ақмола облысындағы қарттар үйінде өліммен аяқталған короновирустың өршуі, Түркістан облысындағы психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған орталықта қамқорлықтағыларға қатыгездікпен қарау сияқты бірқатар жүйелі проблемалар анықталды.

Осыған байланысты уәкілетті мемлекеттік органдар ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп 136 мемлекеттік МӘМ-ге кешенді тексерулер жүргізетін болады.

Бұдан басқа, жақын арада облыс әкімдерінің орынбасарларымен бірге мекемелердің жұмысын азаматтық белсенділер, журналистер, қоғамдық қозғалыстардың өкілдері қадағалайды.

Қамқорлықтағы адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жоспарлануда.

МӘМ жанынан қоғамдық кеңестер құрылады, олардың құрамына қамқорлықтағы адамдардың туыстары мен жақындары, беделді салалық сарапшылар, әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері кіреді. Олар қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын, оның ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттың жұмсалуын бақылайтын болады.

Барлық МӘМ туралы ақпарат Әлеуметтік қызметтер порталының дерекқорына енгізіледі.

«Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» порталында (inva.gov.kz) кері байланысы бар мекемелердің рейтингі жасалатын болады, онда әрбір адам МӘМ қызметі туралы пікір қалдыра алады.

Бұдан басқа, қызмет алушыларға интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Барлық мекемелерді бейнекамералармен жабдықтау жоспарланып отыр, олар арқылы қамқорлықтағы адамдардың туыстары болып жатқан оқиғаларды онлайн-режимде бақылай алады.

Сондай-ақ, ғимаратты жөндеу және оңалту жабдықтарын, арнайы көлікті жаңарту жоспарланған.

Жергілікті атқарушы органдарға шалғай аудандардағы мекемелерді ірі қалалар мен облыс орталықтарына көшіру ұсынылды.

Әлеуметтік қызметкерлерге орталық қызметкерлеріне көмек көрсететін волонтерлер бекітіледі.

Қабылданып жатқан шаралардың көбісі халықаралық тәжірибеде стандартты болып табылатынын айтып өткен жөн. Мысалы, әлеуметтік қызметтердің сапасын дамыту мен бақылауға қоғамдық қатысу Ұлыбританияда, Данияда, Германияда, Францияда, АҚШ-та бар.

Қаржылық есептіліктің ашықтығы Аустралия, АҚШ-тың және Еуропа елдерінің корпоративті секторында кеңінен таралған.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жақын арада тиісті нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта 931 ұйым арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетеді. Соның ішінде 136 мемлекеттік МӘМ бар, оларда 36 мың адам тұрады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген 8 санаттағы азаматтар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады.

 
 
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды