- Басты
- Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме?
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме?
Күн сайын медицинада қолданылатын бір реттік шприцтер, таңғыштар, тампондар, мақта, қан құюға арналған жүйелер, бір реттік гинекологиялық және урологиялық құралдар, тігіс материалы, хирургиялық қолғаптар, хирургиялық киім және т.б. міндетті түрде стерильдеуден өтеді. Стерильдеу құралы радиациялық болып табылады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» осы радиациялық құралдардың артықшылықтары туралы Strategy2050.kz тілшісіне баяндады.

Медицина құралдарының артық бактериядан таза, стерильді болуы маңызды. Ал күнделікті стерильдеу технологиясын пайдаланатын медицина қызметкерлері үшін бұл радиациялық құрал қауіпті ме? Әлемнің дамыған елдерінде кеңінен қолданылатын өндірістік радиациялық стерилизациялау қоршаған орта мен медициналық персонал үшін қауіпсіз, қарапайым және сенімді процесс болып табылады.
Медициналық бұйымдарды стерилизациялау қызметтерінің әлемдік нарығы әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан нарықтардың бірі болып табылады. Стерильді болуы керек медициналық бұйымдардың біршама мысалдарын келтірейік:
SARS-CoV-2 коронавирусы туындатқан COVID-19 коронавирустық инфекциясының жаһандық пандемиясы өнеркәсіптік стерилизация нарығының дамуына қосымша серпін берері сөзсіз.
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялаудың үш негізгі өнеркәсіптік әдісі бар:
- Термиялық стерилизациялау (қысыммен/ыстық ауамен қаныққан бу арқылы);
- Химиялық стерилизациялау (газдық стерилизациялау, ерітінділермен химиялық стерилизациялау);
- Радиациялық стерилизациялау (электрондар үдеткішінде немесе изотоптық көздермен стерилизациялау).
Радиациялық стерилизациялау – бұл медициналық мақсаттағы бұйымдарды иондаушы сәулелену арқылы сәулелендірумен байланысты физикалық процесс. Бұйымдарды Со-60 немесе Cs-137 радионуклидтерінің гамма-сәулелену көздерін (Co-60 немесе Cs-137 гамма-сәулелену изотоптарын) немесе электрондар үдеткіштерін пайдалана отырып, арнаулы радиациялық-технологиялық қондырғыларда сәулелендіреді. Электрондар зат арқылы өткенде олардың энергиясының көп бөлігі иондануға кетеді, бұл микроағзалардың жойылуына алып келеді. Нәтижесінде ауру тудырғыш бактериялар мен вирустар деңгейі төмендейді. Радиациялық стерилизациялау процесі бір реттік қолданылатын медициналық бұйымдар өндірісінің соңғы кезеңі болып табылады.
АЭХА (МАГАТЭ) сарапшыларының пікірі бойынша радиациялық стерилизациялау медициналық бұйымдардың стерильділігінің белгіленген нормативтеріне тез және тиімді жетуге мүмкіндік беретін оңтайлы әдіс болып табылады. Әлемдегі медициналық бұйымдардың 40%-нан астамы радиациялық технологиялар көмегімен стерилизацияланады.
Радиациялық стерилизациялаудың басқа әдістермен салыстырғанда артықшылықтарын қарастырайық:
- бұйымдарды стерилизациялау стерильділіктің ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ететін саңылаусыз қаптамаларда жүзеге асырылады;
- электронды шоқтармен сәулелендірілген бұйымдары бар қаптамаларда газ стерилизациясындағыдай канцерогенді заттар болмайды;
- бұымдарды сәулелендірілгеннен кейін бірден қолдануға болады;
- радиациялық стерилизациялау қондырғының жұмыс аймағында ілеспе зиянды заттарды туғызбайды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 4 өндірістік электрондар үдеткіші жұмыс істеп тұр, оның екеуі Алматы қаласындағы Ядролық физика институтының базасында орналасқан.
Ядролық физика институтындағы электрондар үдеткіштері өнеркәсіп, медицина және ауыл шаруашылығына арналған түрлі радиациялық технологияларды әзірлеу мен енгізу үшін қолданылады. Атап айтқанда, бұл үдеткіштерде бір реттік пайдаланылатын медициналық бұйымдарды, құралдарды, фармацевтикалық препараттарды (көзге арналған жақпа майлар мен тамшылар, күйікке арналған жақпа майлар, тұзды ерітінділер, ветеринарлық өнімдер және басқалар), қаптау материалдарын, сондай-ақ фармацевтикалық шикізаттарды радиациялық стерилизациялау жүзеге асырады.
-
Жаңа үкімет құрамы жасақталды
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Президент соңғы жылдардың тенденцияларына арналған басымдықтарды көрсетті - сарапшы
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Заңнамадағы жаңа түзетулер: Студенттерге мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады

