- Басты
- Жаңалықтар
- Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері
Бірыңғай дистрибьютор коронавирустық инфекциямен күрес аясында елдің медициналық ұйымдарын дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. 2021 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 439 атауы сатып алынады. Осы тұста, медициналық ұйымдарда сондай-ақ эпиджағдайға байланысты жедел жөнелту үшін Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрілік заттар қоры, дәрі-дәрмек түрлері және «СҚ-Фармация» қойма логистикасының жүйесі туралы Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыз.

Бірыңғай дистрибьютордың негізгі бағыттары
Бірыңғай дистрибьютордың негізгі бағыттары дәрілік заттарды сатып алу бойынша ашық сауда-саттықты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік медициналық ұйымдарға дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың логистикасы процестерін ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қоса, «СҚ-Фармация» ЖШС-нің басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Бірыңғай дистрибьютордың коронавирус инфекциямен күресте жүргізген жұмыстарына тоқталып өтті. Оның мәліметінше, дәрілерді сақтайтын қоймаларда 2 айға жететін қор бар. Денсаулық сақтау министрлігі 6,4 млрд.тнг сомасына Сovid-19 емдеу үшін азаймайтын қордағы дәрілердің 38 позициясын бекіткен. Осы бойынша көлем айына 60 мың пациентті емдеумен қамтуға мүмкіндік береді. Бірыңғай дистрибьютор сырқаттанушылық күрт өскен және Сovid-19 емдеу үшін препараттарда тапшылық туындаған жағдайда, азаймайтын запастағы дәрілік заттарды медициналық ұйымдардың өтінімі бойынша пайдаланатын болады. Сонымен қоса, төмендемейтін қор көлемін Бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдардың өтінімдерінен тыс сатып алады.
Басқарма басшысының дерегінше, әкімдіктердің өтінімдері бойынша тапшылық туындаған жағдайда бөлшек сауда желісіне араласу үшін 1,8 млрд теңге сомасына 26 атау бойынша 2 айлық қор қалыптастырылған. Сонымен қатар, 10 млн маска сатып алынған. Маскалар өңірлерде шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда дәріханаларда бөлшек саудада сатуға арналған.
Ерхат Есқалиевтың айтуынша, жеке қорғаныш құралдарының да қоры құрылған. Оның қатарында Бірыңғай дистрибьютордың хабында сақталатын бір реттік 200 мың костюм бар. Жеке қорғаныс құралдары мен КВИ дәрі-дәрмектеріне қажеттілік аурудың өршуіне байланысты сондықтан қор Бірыңғай дистрибюторда хабтарында құрылған. Бұдан бөлек, халықты вакциналау үшін шприцтердің де қоры құрылған. Бірыңғай дистрибьютор 19,8 миллион шприц сатып алған. Оның 11,4 миллионы Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларына жөнелтілген.
Қанша дәрі-дәрмек түрлері сатып алынуда
«СҚ-Фармация» ЖШС-нің Басқарма басшысының мәліметінше, ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде 2021 жылға дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 1 439 атауы сатып алынған. Соның ішінде стационарлық көмекке Бірыңғай дистрибьютор тізіміндегі барлық позициялар арналған.
«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор 2 млн-нан астам қазақстандықты тегін препараттармен қамтамасыз ету үшін 662 атау сатып алынады », - деді Ерхат Есқалиев.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС енгізілуімен 700 мыңға жуық сақтандырылған халық амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қол жеткізілген.
Сонымен қатар, 2019 жылы Бірыңғай дистрибьютор АДҚ шеңберінде 45 нозология бойынша дәрі-дәрмектер сатып алған. Бұл 114 млрд теңгеден астам соманы құраған. Ал 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС шеңберінде 27,2 млрд теңге сомасына 105 нозология және ТМККК шеңберінде 130,3 млрд теңге сомасына 32 нозология енгізілген екен. ТМККК мен МӘМС шеңберінде нозологияларды қамту 3 есеге 45-тен 137 нозологияға дейін кеңейтілген.
«СҚ-Фармация» қойма логистикасының жүйесі
Басқарманың мәліметінше, Covid-19 емдеу үшін құрылған дәрілік заттардың қорлары Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалаларында Бірыңғай дистрибьютордың 4 ірі хабында сақталуда. Дәрі-дәрмектерді хабтардан аймақтарға бөлу «Cross-docking» қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Яғни, Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың болуына және медициналық ұйымдардағы қалдыққа мониторингті жүзеге асырады.
Сонымен қатар, КВИ диагностикасы мен емдеу хаттамасына енгізілген дәрілік заттардың тізбесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. ҚР ДСМ медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссиясы клиникалық хаттамаларды жетілдіру және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлейді. Клиникалық хаттамалар негізінде ҚР ДСМ формулярлық комиссиясы дәрі-дәрмектерді бұйрықтарға және сатып алуға арналған Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енгізеді. Хаттама әзірлеушілері- ҚР жетекші инфекционистері, пульмонологтары және басқа да клиникалық мамандары.
Дәрі-дәрмектерді жоспарлау моделі
Басқарма Төрағасы Бірыңғай дистрибьютордың басты міндеті дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесі сұраныстың өзгеруіне жедел және нақты жауап бере алатындай, кез келген төтенше жағдайда икемді және ең алдымен азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланатындай жұмысты ұйымдастыру болып табылады.Оның айтуынша, Бірыңғай дистрибьютор арқылы сатып алу шеңберінде дәрілік заттарды жоспарлаудың қолданыстағы моделінде жүйелі проблемалар байқалады.
«Кейде дәрі - дәрмекпен қамтамасыз етудегі іркілістің себептері медициналық ұйымдардың дұрыс жоспарламауы, Денсаулық сақтау басқармаларының, МӘМС қорының қатысуымен өтінімдерді жинау мен келісудің көп сатылы процесі болып табылады», - деді Есқалиев.
Бірыңғай дистрибьютордың жұмысын қайта жүктеу
Осыған байланысты Бірыңғай дистрибьютордың жұмысын қайта жүктеу аясында жоспарлаудың жаңа моделі ұсынылды. "Жаңа модельдің мәні "ЭРДБ" және "МИСов" ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде автоматты режимде қажеттілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл ретте, Бірыңғай дистрибьютор өз қоймаларына жеткізудің икемді кестесімен жылдық көлемді сатып алуға дайын-жылдық қажеттілік +25% төмендемейтін бизнес процестерді оңтайландыруға, медициналық ұйымдарға тиеудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, жеткізу тізбегін басқаруға, сондай - ақ тауар алшақтығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Оның айтуынша, Бірыңғай дистрибьютордың пациентке бағдарланған жоспарлауға мақсатты бағытталуы маңызды болып табылады. Бірыңғай дистрибьютор "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексін іске асыру үшін әзірленген дәрілік заттарды сатып алуды өткізу ережелері жобасының негізіне алынған дәрімен қамтамасыз ету жүйесін және қайта жүктеу бағдарламасын жетілдіру мақсатында шаралар ұсынған. 2021 жылғы 18 мамырда Үкімет аталған жобаны қарады. Осылайша, ережелер жоспарлауды, сатып алуды жетілдіру, сондай-ақ отандық өндірушілерді қолдау және дамыту бөлігінде негізгі өзгерістерді көздейді.
Сатып алуды жетілдіру
Сатып алу бөлігінде мыналар қарастырылған:
1. Электрондық сатып алуға көшу. 2022 жылға дәрі-дәрмектерді сатып алу толық электрондық форматта жүргізілетін болады. Бұл сатып алудың ашықтығын қамтамасыз етеді, тендерлік рәсімдердің мерзімін қысқартады, адами факторды болдырмайды, өйткені сатып алудың барлық рәсімдері автоматты режимде өтеді.
2. Препараттарды Бірыңғай дистрибьютордың Халықаралық фармацевтикалық ұйымдар арқылы сатып алу мүмкіндігі, бұл орфандық аурулары бар пациенттерді емдеу үшін дәрі-дәрмектерге қолжетімділікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
3. Әлеуетті өнім берушілер ұсынатын құжаттар тізбесін қысқарту. Бұл шара рәсімдерді жеңілдетеді және қажетті құжаттар санын азайтады.
4. Жеке лот бойынша жеткізу шартын жасасу. Бұл шара шамадан тыс айыппұл санкцияларын болдырмау үшін жеткізушілерді қолдауға бағытталған.
5. Бірыңғай дистрибьютордың конкурстық рәсімдердің ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз ететін веб-порталда жеткізу шарттарын жасасуы.
6. Пациентке бағдарлану шеңберінде сауда атауы бойынша сатып алу.
7. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, жергілікті өндірушілерді қазіргі заманғы қайта жарақтандыру бөлігінде өз өндірісін құруға немесе жаңғыртуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушілердің өтініміне бағалау критерийлері (балдық жүйе) қайта қаралды.
Бірыңғай дистрибьютордың қоймаларындағы төмендемейтін қалдық көлемі 10% - дан 25% - ға дейін қайта қаралды, оның нәтижесі медициналық ұйымдарға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету болады.
Елордада 150 мыңға жуық пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтылған
Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаровтың дереігнше, жыл басынан бері 147 173 елорда тұрғыны Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры тарапынан тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген.
Оның айтуынша, әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры тарапынан мақсатты топтағы пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.
«2021 жылдың І жартыжылдығында Нұр-Сұлтан қаласында 5, 43 млрд теңге сомасына 438 057 тегін рецепт бойынша 147 173 пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді», - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.
Әлеуметтік-медициналық сақтандыру қорының өкілінің айтуынша, қор денсаулық сақтау басқармаларының алдында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жататын барлық пациенттерді қамту туралы мәселені бірнеше рет көтерген.
«Биыл бұл мәселені шешуде ілгерілеу бар, алдағы уақытта да бұл проблемаға мониторинг жүргізіледі. Себебі, біздің қор пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру бойынша СҚ-Фармация және медициналық ұйымдар алдындағы өз міндеттемелерін толық орындайды», - деді ол.
Коронавирусқа қарсы қолданып жатқан дәрінің 48 %-ы отандық өнім
«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиевтың айтуынша, Үкімет саланы дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асырып жатыр.
Қазіргі таңда қазақстандық өндірушілер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша өмірлік маңызды дәрілерге жататын базалық препараттарды шығаруды жолға қойған.
«Коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін дәрі-дәрмектердің 48%-ы отандық өнімдер», - деді Ерхат Есқалиев.
Сонымен қатар, вакцина егетін шприцтерді де бірыңғай дистрибьютер жеткізетінін еске салды. Оның дерегінше, Бірыңғай дистрибьютер вакцинация жүргізу үшін 19,8 млн шприц сатып алған. Оның ішінде компанияның қоймаларына 11,4 млн шприц жеткізілген екен.
Елімізде медициналық көмекті қаржыландыру
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Болат Төкежановтың айтуынша, елімізде медициналық көмекті қаржыландыруды жетілдіру бойынша бірқатар дәйекті реформалар іске асырылды. Оның ішінде, нәтижелерге бағдарланған медициналық көмекті қаржыландыру әдістері енгізіліп медициналық көмекті жеткізушілердің басқарушылық шешімдерді қабылдауда.
Сондай-ақ, МӘМС жүйесі амбулаториялық деңгейде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Науқастар тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілетін аурулардың тізімі 45-тен 138-ге дейін кеңейтілген.
«Медициналық сақтандыру есебінен 2020 жылы еліміздің стационарларында жоспарлы түрде 1 млн-нан астам пациент емделді. Бұған МӘМС жүйесінде шамамен 170 млрд теңге бағытталды, бұл барлық стационарлық көмекті қаржыландыру көлемінің 58% – ын құрайды», - деді Болат Төкежанов.

-
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер
-
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері
-
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері
-
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары
-
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын
-
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі
-
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді
-
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері
-
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет

