• Басты
  • ҚМДБ COVID-19 коронавирусіне қатысты мәлімдеме жасады
2 Наурыз, 2020 10:04

ҚМДБ COVID-19 коронавирусіне қатысты мәлімдеме жасады

Бүгінде бүкіл әлем халқына коронавирус қаупі үрей сеуіп, дерттің өзінен гөрі күннен-күнге өршелене түскен дақпырты мен дабылы дүние жүзін дүрліктіруде. Жаңалықтан да еститініміз, жан-жақтағы жұрттың көбі шекарасын қымтап, қауіптің бетін алған бірқатар сақтық шаралары жүзеге асырылған. Аллаға шүкір, аталмыш дерттің біздің елімізде белгісі де жоқ, шеттен келген азаматтарымыз дін аман, деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

ҚМДБ COVID-19 коронавирусіне қатысты мәлімдеме жасады

Алайда, «Сақтансаң – сақтаймын» демекші, төрткүл әлемге түгел қауіп төндірген дертке немқұрайлық танытып, немкетті қарау – өзіміз үшін ғана емес, жанымыздағы жандардың өміріне де әсерін тигізері бек мүмкін. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің әрбір азаматын қоғамдық орындарда тазалық ережелерін сақтап, өз денсаулықтарына асқан мұқияттылықпен мән беріп, сақтанып жүруге шақырады.

Алла Тағала қасиетті Құранда адамзат баласына: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге салмаңдар», – деп ескерту жасаған. Алла берген аманат – өз өміріміз бен денсаулығымызға дұрыс күтім жасамай, қауіп-қатерге көзсіз ұрынар болсақ, түбінде опық жейтініміз сөзсіз.

Бұл туралы Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің бір өсиетінде: «Кімде-кім есінесе қолымен аузын жапсын, өйткені зиянды нәрселер аузына кіреді», – деп бұйырған.

Сондай-ақ, шариғатта жұқпалы аурулардың жай көзге көрінбейтін зиянды күші барын, білінбей тарайтынын және аурудың етек алуын тоқтатуда карантин қажет екені атап айтылған. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адам баласының өзіне де, өзгеге де зиян келтуруіне қатаң түрде тыйым салған.

Құрметті, отандастар! Сізде жөтел пайда болып, бойыңызда дене қызуының жоғарылауы байқалса немесе тыныс алу қиынға соққан жағдайда, дер кезінде дәрігерге жүгінуге, сондай-ақ қоғамдық орындарға, тіпті мешітке келуді тоқтатып, құлшылықтарыңызды үйлеріңізде орындауға кеңес береміз!

Алла Тағала елімізді, халқымызды түрлі пәледен, аурудан, тіл-көзден сақтағай! Әмин!

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды