- Басты
- Жаңалықтар
- ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
Кеше, яғни 20 қазанда елордалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ержан Балтаев елорданың сауда нысандарының өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысқандар әлеуметтік маңызы бар тауарларға шекті үстеме бағаны белгілеу мәселесі талқылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жалпы, сауда қызметін реттеу туралы Заң әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстеме бағасын белгілеуді көздейді. Ол 15%-дан аспауға тиіс және нарық субъектілері арасындағы сатып алу-сату шарттарында міндетті түрде көрсетілуі қажет.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеу процесін қадағалау үшін осы жылдың тамыз айында азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі Өңірлік Комиссия құрылды. Комиссия құрамына ҚРҮ, прокуратура және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес органдарының өкілдері кіргенін атап өткен жөн.
Ал, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне шекті сауда үстемесінің 15%-дан асып кету фактісі анықталған жағдайда бұзушылар ескерту алады, жыл ішінде қайта бұзушылық шағын бизнес субъектілері үшін 10 АЕК, орта бизнес өкілдері үшін 75 АЕК, ірі бизнес үшін 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша
-
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады
-
Мұқағали Мақатаевтың тағлымды мұрасы қаншалықты бағаланып жүр
-
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады
-
Өзін-өзі оқшаулауды бұзғандар қанша айыппұл төлейді
-
САЙЛАУ-2021: Өңірлерде қанша әкім сайланады
-
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды
-
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады
-
Коронавируспен ауырғандар қанша уақыттан кейін вакцина алуы керек
-
COVID-19: Үнді штамы, әкімшілік айыппұл және күшейтілген карантин шаралары
-
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары
-
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары

