• Басты
  • Мамыр айында 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты
20 Мамыр, 2020 11:35

Мамыр айында 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

Азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды белсенді іске асырудың арқасында мамыр айының басынан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 28,5 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Ал, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 14,8 мың адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ сілтеме жасай отырып.





Мамыр айында 30 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандарының айтуынша, короновирус пандемиясы салдарынан 16 наурыздан бастап, сәуір айының соңына дейін енгізілген карантин кезеңінде Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындарының саны 3 есеге азайған (2020 жылдың алдыңғы айларымен салыстырғанда).

Бірінші кезекте жұмыс орындарының төмендеуі қызмет көрсету секторында, сауда, көлік және өнеркәсіп салаларында тіркелді. Алайда, карантиндік шаралар жеңілдетілгеннен кейін еңбек нарығының жанданып, мамыр айының басынан бастап экономиканың барлық салаларында жұмыс берушілер тарапынан сұраныс деңгейінің біртіндеп қалпына келуі байқалуда.

Мамандар еңбек нарығының жандануына «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары ерекше рөл атқарып отырғаныдығын атап өтті. 

«Дағдарысқа қарсы шаралар еліміздің барлық аймақтарында өз әсерін беруде. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап және 19 мамырдағы жағдай бойынша Жұмыспен қамту жол картасы аясында 44,7 мың жұмыс орны құрылып, оларға жұмыспен қамту орталықтары арқылы шамамен 14,8 мың адам жұмысқа орналастырылды. «Еңбек» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 4 айында 128,5 мың адам қамтылды, оның ішінде 118,3 мың адам уақытша және тұрақты жұмысқа орналастырылды, 676 адам оқуға жіберілді, 1,4 мың адам шағын несие алды. Ал, 1-19 мамыр аралығында ғана «Еңбек» бағдарламасына 30,3 мың адам қатысып. оның 28,5 мыңы жұмыспен қамтылған», - дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департаментінің директоры Жұлдыз Пернебаева.

Бос жұмыс орындарын орналастыру бойынша Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының және Нұр-сұлтан қалаларының жұмыс берушілері белсенділік танытуда.

Құрылысшы-монтажшылар, құрылысшы-әрлеушілер, сырлаушылар, Денсаулық сақтау саласындағы кәсіби мамандар, орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер, металл өңдеу, жабдықтарға қызмет көрсету жұмысшылар, жүргізушілер мен операторлар мамандықтары бойынша бос жұмыс орындарының саны өскен.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды