• Басты
  • Мамин экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді
4 Маусым, 2020 18:25

Мамин экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысы өтті, ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Мамин экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

Экономиканы дамыту бойынша одан арғы шаралар болжамы туралы ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Е. Досаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Т. Құлыбаев, «Атамекен» ҰКП президиумінің төрағасы Т. Құлыбаев, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ. Келімбетов, өңірлер мен салалық қауымдастықтардың басшылары баяндады.   

Премьер-Министр Мемлекеттік комиссияның басты міндеті Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының жобасын жаңа редакциясында әзірлеу екенін атап айтты, ол  ҚР Президентінің қарауына биыл 1 тамызға дейін ұсынылады. 

Құжатта орташа мерзімді кезеңге арналған еліміздің жаңа экономикалық бағытының бағдарлары айқындалатын болады, оның ішінде сыртқы экономикалық конъюнктурадағы өзгерістерді ескерумен экономикада институционалдық және құрылымдық реформаларды жүргізуге қатысты түбегейлі жаңа тәсілдер қамтылады.

«Стратегиялық құжат ағымдағы және әлеуетті экономикалық сын-тегеуріндерге жауабымыз болады. Бізге еліміздің бәсекелі артықшылықтарын барынша пайдаланумен Қазақстан экономикасының жаңа құрылымын қалыптастыру бойынша шараларды әзірлеп, қабылдау қажет», —  деді А. Мамин.

Үкімет басшысы мемлекеттік қолдауды отандық өндірістің әлеуетін көтеруге бағыттау арқылы экономиканың дербестігін арттыру бойынша түбегейлі шараларды қабылаудың, толыққанды азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және ҚР-ның әлемдік азық-түлік хабы ретінде қалыптасуының, экспорттық әлеуетті белсенді түрде арттырудың және құнды қалыптастырудың жаһандық тізбегіне кірігудің, сапалы инвестицияларды таргеттеп тартудың, шағын және орта бизнесті дамытудың, сондай-ақ тіршілік әрекетінің барлық салаларын цифрландырудың маңыздылығын атап өтті

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды