• Басты
  • Мамин А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым, 2020 17:38

Мамин А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Мамин А. Мамин РФ үкіметінің төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлінді. Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығыс материалдарымен тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды ҚР-ға жіберуге дайын екенін білдірді.

Барлық жаңалықтар