• Басты
  • Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады
20 Мамыр, 2020 17:23

Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады

Жыл сайынғы өзекті мәселенің бірі жазғы шомылу маусымы кезінде су  айдындарында қайғылы жағдайлардың орын алуы. Мұның себебі – суда қауіпсіздік ережелерін сақтамай, белгіленбеген жерлерде шомылу. Өкінішке орай, биылғы жылдың өзінде өңірде 8 өлім оқиғасы тіркелген, олардың ішінде 2 мен 8 жас аралығындағы 6 бала бар. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы ТЖД-ң аға офицері Ораз Айтқұлов мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
 Мамандар шомылу маусымында қауіпсіздікті сақтауға шақырады

Оның айтуынша, балалардың су  айдындарында қайтыс болуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы. Алайда өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 30% төмендеген.

«Өткен жылы 46 оқиға тіркеліп, нәтижесінде 48 адам қайтыс болды, олардың 18-і балалар.    Талдау көрсеткендей, барлық жазатайым оқиғалар құтқарушылармен күзетілмейтін жерлерде орын алып отыр.  Облысымызда ресми түрде тіркелген 110 демалыс орны бар. Ол жерлерде құтқарушылар қарастырылған. Сонымен қатар, су айдындарында облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін суда жүзуге тыйым салынған 268 белгі, 49 қауіпсіздік ережелері көрсетілген жарнамалық билбордтар орнатылды. 12 демалыс аймағының иелері меморандумға қол қойды», – деді Ораз Шералыұлы.

Сондай-ақ, ол брифингте өңірде жыл сайын биік үйлердің терезелерінен құлап түскен балалар саны өскендігін айтты.

«Жыл сайын көпқабатты үйлердің терезесінен құлаған балалардың қаза болу жағдайлары тіркеледі.  Әдетте, көбіне ересектер тарапынан балаларға деген бақылаудың жеткіліксіздігінен болады. Сондай-ақ,  терезені жабуды ұмыту, терезелерде блокираторлардың не тұтқаларының болмауы, балаларға өз бетінше терезелерге шығуға мүмкіндік беретін жиһаздың дұрыс орналаспауы, жабық терезенің иллюзиясын жасайтын маса торларының болуы себеп. Мәселен, Түркістан облысында өткен жылы 3 оқиға тіркелген.   Ол кезде 8 және 4 жасар балалардың терезеден құлауы салдарынан жарақат алуы орын алған. Ал 1 жасар бала оқиға орнында мерт болды. Терезеден құлауды болдырмау үшін ата-аналар тарапынан өздерінің жас балаларына бақылауды күшейту қажет», – деді ол.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды