• Басты
  • Максим Рожин қазақ тілін үйренуге қатысты үндеу жариялады
25 Ақпан, 2020 19:20

Максим Рожин қазақ тілін үйренуге қатысты үндеу жариялады

Еліміздегі белгілі фотограф, қоғам белсендісі Максим Рожин қазақ тілін үйренуге қатысты үндеу жариялады. Ол қазақстандықтарды қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарға қоғам болып ерікті түрде көмек беруге шақырды.

Максим Рожин қазақ тілін үйренуге қатысты үндеу жариялады

Оның сөзінше Қазақстанда екі топ бар. Бірі қазақ тілін үйренуге жағдай жасалмады десе, енді бірі мемлекеттік тілді білмейтіндерді сынап келеді.

"Бүгін біздің қоғамда "мемлекеттік тіл бізге керек пе?", "оны білмейтіндер осы уақытқа дейін неге үйренбеген?" деген бір сарындағы топ бар. Оларды тіл жанашыры деп айтуға болады. Сонымен қатар оларға қарсы шығып жүрген тағы бір топ бар. Олар "біз тілді осы уақытқа дейін үйрене алмадық", "бізге жағдай жасалмады", "осы мәселе бойынша қанша көмек іздедік, алайда таппадық", "мемлекет бұған көп қаражат жұмсады, нәтиже жоқ" дейді. Осылай айтатындар қазақ тілін әлі білмейді. Мысалы, бір азаматымыз осы тіл мәселесі бойынша президентке жолдау жасапты. Оның сөзінше халықтың бір бөлігі бұған наразы", - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы уақытта осы тіл мәселесінің айналасында әлеуметтік желіде де, өмірде де кей дауласу көбейіп кеткен. Сөйтіп қоғам белсендісі бұл мәселені дауласпай, бір халық, бір ел болып шешетін кез келгенін атап өтті. Оның сөзінше, қазақ тілін үйренгісі келетін адамға ерікті қолдау көрсету өте маңызды.

"Биыл Абай атамыздың 175 жылдығы, сондай-ақ еріктілер жылы. Әрқайсымыздың қасымызда қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтар көп. Сондықтан "Неге әрқайсымыз қазақ тілінің еріктісі болмаймыз?", "Неге қазақ тілін үйренгісі келетін адамдарға ерікті түрде қол ұшын созбаймыз?" деген оймен үндеу тастадым. Жалпы осы үндеудің негізінде тілге жанашыр болып жүрген өзге ұлт өкілдері, филолог мұғалімдер, белсенді қоғам қайраткерлерімен кездесіп, шын мәнінде еріктілік аясында істелетін белгілі бір әрекеттерді талқылаймыз. Бұл үндеу жай қалып қоймай, соңы нақты іске ұласса екен деген ниет бар", - деді Максим Рожин.

Оның сөзінше, ол үшін үлкен форумдар өткізіп керек емес. Тек ерікті ретінде әр азамат айналасындағыларға қол созса жеткілікті деді. 

"Біздің елде қазақ тілін үйренген бірнеше мың өзге ұлт өкілі және шетел тілін меңгерген қазақтар баршылық. Олардың тіл үйренудегі тәжірибесі мол. Біздің мақсат – сол тәжірибені бір жерге жинап, үйістіріп, азаматтарға көмектесу. Ол үшін форум немесе жиын өткізудің қажеті жоқ. Әрқайсымыз өз орнымызда тілді үйренуге ниет еткен адамдарға қол ұшын созуымыз қажет. Қазақ тілі дамып, өзіне лайықты денгейде болсын десек, қазақ тілін оқытып жатқандар, үйренгісі келетіндер, қазақ тілін білетіндер, барлығымыз осы мәселеде бірігейік! Еріктілер жылында мемлекеттік тілімізге де бір пайдамызды тигізіп, тіліміздің еріктісіне айналайық", - деді журналист.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды