• Басты
  • Мака Махатадзе: Білім берудегі әдіс-тәсілдерді өзгерту керек
25 Қазан, 2019 16:12

Мака Махатадзе: Білім берудегі әдіс-тәсілдерді өзгерту керек

"Digital Bridge" халықаралық технологиялық форумы аясында өтіп жатқан "Болашақтағы білім: технологиялардың білім беру жүйесін өзгертуі" панельдік сессиясында білім саласының мамандары технологияның білім беру саласындағы рөлі, болашақтағы білім беру мәселелерін талқыға салды. Жиынға қатысқан Грузиядағы Шығыс Жерорта теңізі халықаралық мектебі (EMIS) білім берудегі инновация және технология бөлімінің жетекшісі Мака Махатадзе бүгінгі білім саласындағы оқытудың әдіс-тәсілдерін өзгерту керектігін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Мака Махатадзе: Білім берудегі әдіс-тәсілдерді өзгерту керек

"Негізі технология ол білім беру саласын дамытып, жетілдіруде қосымша инструмент болып саналды. Білім берудегі әдіс-тәсілдерді кішкене өзгерту керек.  Мұғалімдер бұрынғыдай тек білім беруші емес,  оқушыларға бағыт беретін маман болуы керек. Мәселен,  бір жобаны қолға алғанда мұғалім тек бағыт-бағдар беріп,  қалғанын балаларға қалдыру қажет. Былай айтқанда қазіргі балаларға еркіндік беріп,  шешімін өздері табуына мүмкіндік беру керек", - деді ол.

Сонымен қатар, өз сөзінде ол Грузиядағы білім саласында қолға алынған жобалар мен өзгерістерге тоқталып өтті.

"Біз Грузияда бірінші сыныптардың барлығын компьютьермен қамтамасыз еттік. Бірақ онымен жұмыс бітпейді. Қазір әртүрлі балаларға арналған мазмұндағы бағдарламаларды іске асыруды, мектептің инфраструктурасы мен ішкі экожүйесін дамытуды қолға алдық. Интернетпен қамтылу жүргізіліп жатыр. Себебі  интернетсіз компьютерлермен ештеңе істей алмайсыз. Екінші мәселе министрлік жаңа методика бойынша ұстаздардың біліктілігін арттыруға көңіл бөліп отыр", - деді  Мака Махатадзе.

Сондай-ақ, білім саласының маманы атап өткендей, грузиялық мектептерде қазіргі таңда министрлік жобалық білім беру және феноменге негізделген оқыту жүйесін енгізуді қолға алған.

"Бізде жобалық білім беру (Project-based educatin) және феноменге негізделген оқыту (Phenomenom based education) бағдарламалары қолға алынды. Феноменге негізделген оқытуда тақырыпты, тұжырымдаманы пәнге негізделген көзқараста емес, тұтас көзқараста оқытады.  Ал, Жобалық білім беру студенттерге проблема немесе мәселені зерттеу үшін ұзақ уақыт жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды меңгертуге арналған әдіс. Бұл бағдарламалар бойынша нәтижеге өзі оқушы өзі жетуі керек, осы уақытта мұғалім немен айналысу керек, оның рөлі қандай болатынын қарастырып жатырмыз", - деп атап өтті.

Бұдан бөлек, елордада жаңа форматта ашылатын alem бағдарламалау мектебінің  директоры Дагар Давлетов оқыту жүйесіне тоқталып өтті. 

Оның айтуынша, бұл мектепте мұғалім жоқ, лекциялар да өтпейді, және баға қою жүйесі де жоқ.
"Мектеп халықаралық деңгейдегі IT мамандарын бұрын елімізде болмаған жаңа оқыту жүйесімен тегін дайындайды. Бұл жерде мұғалімдер, лекциялар, баға қою сияқты дәстүрлі білім беру элменнтері мүлдем жоқ. Бес жылдың ішінде alem 1000 жуық кәсіби мамандарды дайындауды көздеп отыр", - деді ол. 

Мекеме басшысының айтуы бойынша, мектепте 18-35 жас аралығындағы кез-келген адам оқи алады. Оқудың орта мерзімі - екі жыл, жұмыс істеу уақыты - 24/7. Студенттер өз ыңғайына қарай күндіз, түнде, жұмыс күндері, демалыс немесе мереке күндері де мектепте білім алса болады.

“Мектепке түсу үшін әр үміткер алдымен https://alem.school сайтында тіркеліп, арнайы тестілеу мен интервьюдан өту керек. Математика немесе бағдарламалаудан алдын ала білімнің болуы міндетті емес. Сонымен қатар ҰБТ немесе басқа да емтихан нәтижелері қажет емес. Түлектерді таңдауда біз үшін тек олардың қабілеттері мен мотивациясы ғана маңызды”, - дейді alem мектебінің директоры Дагар Давлетов. 

Айта кетейік, елордада биыл екінші рет өткізіліп жатқан Digital Bridge 2019 форумы IT-технологиялар, инновация, медиа саласында дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстар алмасатын, сондай-ақ, Орталық Азия мен басқа әлем арасында Цифрлық көпір құратын алаң болып табылады.

Назерке Сүйіндік
 
 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды