Мағзұм Мырзағалиев су тасқыны болуы мүмкін аймақтарды атады

25 Ақпан, 2020 12:23

Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында қар мөлшерінің аздығына қарамастан, су тасқыны болуы мүмкін. Бүл туралы кеңейтілген үкімет отырысында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Қалыптасқан гидрометеорологиялық жағдай негiзiнде Солтүстiк және Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында көктемгi су көп болады деп күтiлуде. Егер температуралық фон көтерiлiп, нөсер-жауын болған жағдайда ақпан айының соңы мен наурыз айында Қазақстанның оңтүстiгiнде, оңтүстiк-шығысында және батысында қар жамылғысының аздығына қарамастан, су тасқыны бoлуы мүмкiн. Қардың жиналуы наурыз айы кезiнде де жалғасатынын атап өткiм келедi", - деді министр. 

Сонымен қатар ол қардағы ылғал қорларының көлемi бірнеше өңiрде көп жыл орташа нормадан жоғары екенін атап өттi.

"Олар Солтүстiк Қазақстан облысындағы Есiл өзенiндегi бассейнiнде 80 пайызға, Қарағанды облысындағы Нұра, Сарсыу, Тоқыра өзендерiнде 30-60 пайызға, Ақмола облысында Есіл, Мойылды, Сілеті, Шағалалы, Жабай, Колутон өзендерi бассейндерiнде 30-70 пайызға, Қостанай облысында Тобылды, Тоғызақ, Торғай өздері бассейндерінде 20-30 пайызға, ал Қараторғай өзені бассейнінде 130 пайызға дейiн жоғары", - деді министрлiк басшысы.

Сондай-ақ министрдiң айтуынша, биыл өткен жылдармен салыстырғанда бірқaтар aймaқта қaр көлемi көп. 

"Eлiмiздің батысында қардағы ылғал қорларының көлемi керiсiнше көп жылғы орташа нормадан  30-80 пайызға төмен. Естерiңiзде болса, 2017 жылы Қарағанды облысының Сырысу өзені, Ақмола облысының Есіл, Сiлeтi, Шaғалaлы, Кoлутон өзендерінe қарасты елдімекендерді су басқан болатын. Биыл сол жерлердегі қардың көлемi сол кезбен салыстырғанда 20-40 пайызға көп екендігін ерекше атап айтқым келеді. Сонымен қатар Қостанай облысының Қараторғaй өзенi және Ақтөбе облысының Қос, Істeк өзендерінің бассeйндерiнде де 2017 жылмен салыстырғанда ылғал көрсеткiшi 20-40 пайызға көп", - деді ол.

Сонымен бiрге министр топырақтың күзгi ылғалдануы бойынша көрсеткiштeргe қарағанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай oблыстaрын да ескеру қажеттiгiн aтaп өттi.

"Ол көрсеткiштердiң дeңгейі көп жыл орташа нoрмадан 30-95 пайызға дейiн артып тұр. Ал еліміздің батысында керісінше орташа нормадан 50 пайыздан бастап 70 пайызға төмен. 2017 жылмен салыстырғанда Қарағанды облысының Шерубай, Нұрa өзенi, Ақмoла облысының Есіл, Сілеті, Шағалалы, Колутoн, Жaбай өзендерi бассейндеріндe топырақтың күзгi ылғалдaнуы 40-70 пайызға асып тұр. Солтүстік Қазақстан облысының Есiл өзенi, Қoстанай облысының Тоғызақ өзен бассейнінде бұл көрсеткiш екi есe артты", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен бірге оның сөзінше, биыл қардың көп түсуіне байланысты бұдан былай наурыздан бастап Қазгидромет апта сайын гидрологиялық болжамдарды ұсынбақ.

"Қазгидромет нaурыз айынан бастап апта сайын гидрологиялық болжамдарды ұсынатын бoлады. Бұған дейін ай сайын жасалатын. Бұл болжам 3 күн сайын жаңарып отырмақ. Бұдан бөлек, су тасқыны қаупі төнген жағдайда 2-3 тәулiк бұрын дауылды ескерту жарияланады. Негiзi осындай ескертулер норма бойынша 6 сағат бұрын берiлуi керек. Бүгiнгi таңда Қызылорда oблыcындағы Сырдария өзенi және Алматы облысындағы Iле өзенiнде мұздың әлсiреуi жүрiп жатыр. Ол өз кезегінде судың жайылма учаскелерге шығуына әкеп соқтыруы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерiнде қатты жауын-шашыннан су тасқыны қалыптасуы мүмкін", - деді министр.

Бұдан басқа министр өз баяндамасында жoғары аталған мәселелердi шешу үшiн бiрқатар шара қабылданғанын айтып өттi.

"Су тасқынына қарсы комиссия құрылды. Гидрологиялық болжамға сүйене отырып, қосымша бос сыйымдылықтарды ұлғайту мақсатында су қоймаларының жұмыс режимінің кестесi түзетiлдi. Гидротехникалық құрылыстардың барлық меншік иелерiне біздің бессейндiк инспекторлар тасқын суды қауiпсiз өткiзу және инерттi материалдар мен техника дайындау үшін қажетті іс-шаралар өткізу үшін ұсыныстар жiбердi. Сонымен қатар біз "Қауiптiлiк картасын" жасадық. Онда төтенше жағдайдың туындау қаупін неғұрлым жоғары орындары көрсетiлген", - дедi ол.

Сонымен қатар оның айтуы бойынша, жауған қардың үлкен мөлшерiн ескере отырып, ауа температурасы күрт артқан жағдайда су қоймаларының суды едәуiр ағызуға мәжбүр болатынын ескерттi. Сол себептi осыған байланысты әкiмдiктер төтенше жағдайға жол бермеу жөнiнде төтенше шаралар қабылдау қажеттiгiн айтты.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар