• Басты
  • Маңғыстауда кәсіпкерлер бизнестің қыр-сырымен бөлісті
18 Қазан, 2019 14:50

Маңғыстауда кәсіпкерлер бизнестің қыр-сырымен бөлісті

Маңғыстау облысында ауыл әйелдерінің форумы өтіп жатыр. Жиын барысында өз саласында ғана емес, жеке кәсіпкерлік бағытында да көптеген жетістікке жетіп, ауыл-аймақтағы тұрғындарды жұмыспен қамтып отырған бірқатар әйелдердің аты аталды. Осы бағытта өзгеге үлгі болсын деген ниетпен кәсіпкерлермен шағын сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Маңғыстауда кәсіпкерлер бизнестің қыр-сырымен бөлісті

Сондай үлгі боларлық кейіпкеріміздің бірі Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылының тұрғыны, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының Манғыстау ауданы филиалынын төрайымы, жеке кәсіпкер Түймеш Абдулаева. Ол адамның тұлға болып қалыптасып, бірқатар жетістікке жетуі отбасындағы, мектептегі тәрбиеге байланысты екенін айтады.
            
"Адам баласынын бойындағы жақсы қасиет - ата мен анадан бастау алады. Менің ата-анам сегіз баланы тарбиелеп өсірді. Мен мектепте қоғамдық жұмыстарға араласып, өнерге жақын болдым. Ата –анамның  ақылымен Алматы ауыл-шаруашылығы институтына оқуға түстім. Институт жанындағы 80 адамдық Ахмет Жұбанов атындағы институт оркестрінің жеке домбырашысы болдым. Осылай студенттік Көктем конкурстарында, студенттік үгіт бригадасымен Москва, Киев, Волгоград, Астрахань қалаларын аралап концерттер қойдық.  

Өзінің айтуы бойынша, өнер мен негізгі мамандығын қоса алып жүріп, Шетпе кәсіптік-техникалық училищесіне жолдамамен келген. Онда техникалық пәндерден сабақ берген. Кейін жолдасының ұсынысымен жеке кәсіпкерлікті қолға алған.

"Марқұм жолдасым кәсіпкерлікпен айналысуыма себепкер болды. Кәсіппен айналысқаның жөн деп маған ақылын айтып, жоба құжаттарын қалай дайындау керектігін үйретті. Кәсібімді бастап, енді жұмысты бастай бергенімде  аяқ астынан жүрек талмасынан жұбайым  2006 жылы 44 жасында ерте қайтыс  болды. Жақын жуық,туған тумаластардың демеуімен қиын сәтті көтеруге тура келді", - деп басынан өткен қиын күндерді еске алды. 

Өзінің айтуынша, кәсіпкерлік саласында үнемі дамытып, жетістікке жетуіне техникалық мамандықты бітіргені себеп болған.

"2008 жылы Шетпе аулында талапқа сай  жаңа наубайхана құрылысын бастадым. Себебі, кәсіптің талабы - тек алға қозғалу ғой. Техникалық мамандықты бітіргенімнің пайдасы болды, құрылыс кезінде сапалы болып шығуын өзім әрбір істі  қадағаладым. Күні бүгінге дейін шағым жоқ", - деді ол.

Бұдан соң ол нысанның құрылысы аяқталған соң, көрші Түркиядан құрал-жабдық әкеліп, жергілікті халықты жұмысқа қабылдағаны туралы айтты.

Құрылыс аяқталған соң 2010 жылы Түркиядан құрал-жабдық сатып әкелдік. 2011 жылы Түркиядан арнайы мамандар келіп пешті қосып берді. Іске қосылған күннен бастап нанның түр-түрін шығара бастадық: багет нан, ай нан, сүт нан, «нарезной»  батон, батон «президентский», «столичный», «бородинское», дәмді нан, булочкалар, Майский, рогалик, ватрушки тағы басқа нан түрлерін шығардық. Ақтау қаласынан технолог маманын шақырып, әуелі өзіміз үйрендік. Кейін, жергілікті адамдарды жұмысқа қабылдап,  үйреттік", - деп деді ол.

Сонымен қатар, Түймеш Абдулаеваның айтуынша, қазіргі таңда наубайхана өнімдерімен мектеп асханаларын, бала бақшаларды  қамтамасыз етіп отыр. 

"Айту оңай болғанымен ауылда жүріп өндіріс ашу, оны кідірссіз жүргізу, ауылдан жұмысшы табу, уақытында жалақы төлеу. Ең басты түйткілді мәселе. жаңа егін орағының маусымында ұн маселесінің туындауы. Үлкен еңбекті, мықты шыдамдылықты талап етеді", - дейді ол.

Бұдан бөлек, ол үнемі қоғамдық жұмыстарға, қайырымдылық акцияларына катысып тұратынын айтты.

Орал қаласында өткен "Кедендік одақ аясындағы көсбасшы әйелдердің бастамалары" атты халықаралық форумына, 2014 жылы Астана экономикалық форумына және Дубай Ислам-Экономикалық форумына қатыстым. Ауданда да "Жыл адамы – 2009", «Үздік кәсіпкер» атандым, Маңғыстау аудан әкімінің «Алғыс хаты» берілді.        2011 жылы Маңғыстау облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен және  «Маңғыстау облысының 40 жыл мерекелік медалімен» марапатталдым", - деді мақтанышпен. 

Сондай-ақ, өзінің айтуынша, ол 2012 жылы жыл сайын обылыста  өткізілетін Табыс-көрме-конкурсында «Өндірістік саладағы үздік кәсіпкер» атанған. "Бағалай білгенге бақ қонады, қадірлей білмегеннен құт қашады" деген Әбіш Кекілбаев данамыздың сөзі басты ұстанымым, артымнан ерген жастарға үнемі айта жүремін", деп сөзін аяқтады.

Бұдан бөлек, Маңғыстау облысы Ақтөбе селолық округінің әкімі Жанбибі Молдашеваны атап өтуге болады. Ол еңбек жолын қарапайым ұстаздық қызметтен бастап, бүгінде бір округтың басшысы болып отыр. Өзінің айтуынша, басты мақсаты - халық сенімін ақтау, істеген жұмыстарының нәтижесін көріп, абыройлы еңбек ету. 

"Қай салада болмасын жұмыс жүргізу үшін істің көзін тауып, не жасалуы керектігін, яғни  қай тұстың кемшін түсіп жатқанын таба білу керек. Бұл жолда маған ауыл мектебінде, ауыл әкімдігінде қызмет жасап, ауылды бес саусағымдай тануым көп көмек берді. Әкімдік қызметке тағайындалған соң, ауылдағы, жалпы округтегі біткен істерді одан әрі жандандыра жалғастырып, бітпеген істерді тауып, оның себебіне үңіліп, шешімін табуға ұмтылдым", - дейді ол. 

Сондай-ақ, әңгіме барысында Жанбибі Молдашева өзі қызмет ететін өңірде «Әлем әдебиетінің Әбіші» атанған Әбіш Кекілбайұлы білім алғанын атап өтті. Өзінің айтуынша, алғаш қызметке келгенінде «жазушы оқыған ауыл» деген атауға лайықты етуді басты мақсат еткен.                

"Оған дейін мен әкімдікте бас маман болып жұмыс жасадым, бұл маған сала жұмысының қыр-сырына қанығып, ауылдың бары мен жоғын бағдарлап, жалпы жұмыс жүргізудің бағыттарын бағамдауға мүмкіндік берді. 2 мыңнан астам адамға мекен болған округтің бұдан былайғы тағдырына өзім жауапты екенімді сезіндім. Өйткені, мектебінде «Заманымыздың заңғар жазушысы» атанған Әбіш Кекілбайұлы оқушы кезінде білім алған ауылдың бүгінін базарлы, ертеңін ажарлы етіп, «жазушы оқыған ауыл» деген атауға лайықты ұстау міндеті тұрды", - дейді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, округ тұрғындары да елдік мәселеде жұдырықтай жұмылып, бір отбасы мүшелері секілді өзара тіл табысып, қиындықты бірге көтеріп кете алады. 

"Мәселен, 2013 жылы  телевизиялық «Жасыл аула» байқауында ауыл тұрғыны Ә.Нұрлыбаевтар ауласы  жеңімпаз болса, 2017 жылы облыстық «Үлгілі ауыл» конкурсында ауылымыз жүлделі 1 орынды иеленсе,«Мерейлі отбасы» байқауының аудандық, облыстық сатысында Нұрсебеповтер отбасы республикада облыс мерейін қорғады. Сондай-ақ, ауылда «Ақбұлақ», «Өңірлерді дамыту», «Қолжетімді баспана», «Туған жерге тағзым» және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларын жүзеге асыру бағытында біраз жұмыстар жасалып, халық игілігіне ұсынылды", - деп, ауыл көлемінде жүзеге асырылған жобаларға тоқталды.

Содай-ақ, халқының ризашылығына бөленіп, тек алғысын алып жүрген әкім ел-жұрттың өзін "тәуелсіздік алғаннан кейінгі өңіріміздегі алғашқы әйел әкім" деп бағалап, құрмет көрсететінін зор мақтанышпен айтып өтті. 

Бұдан бөлек, жеке кәсіпкер, медицина саласында  үздіксіз 44-жыл қызмет етіп жүрген Изтурова  Тажиханды атап өтуге болады. 

"Менің мамандығым - дәрігер, медицина саласында  үздіксіз 44-жыл абыроймен еңбек етіп келемін. Сонымен қатар, 2003 жылдан бастап  ауылшаруашылығы  бойынша жеке кәсіпкермін. «Байболат» шаруа қожалығын ашып, асыл тұқымды түйе, жылқы малдарын өсіремін. 2000 жылдары  жекешелендіруге байланысты, селода  жұмыс жасаған дәрігер мен мұғалімдерге жер телімдер  берілді. Маған да ауылшаруашылығына  жер телімі беріліп, сол жерді пайдаланып,  мал өсіруге  қызығушылық пайда болды", - дейді жеке кәсіпкер.

Өзінің айтуынша, жылына 100 тоннаға дейін сүт, шұбат өндіреді. Сондай-ақ, қазіргі таңда 8 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Бұдан бөлек, ауылдағы медицина саласын дамыту үшін жеке емхана тұрғызған. Ол жерде 12 білікті маман жұмыс істейді.

"Негізгі  мамандығым дәрігерлікті де тастамадым, басты мақсатым - қала медицинасын аулға әкеліп дамыту, Ақшұқыр селосынан  2016 жылы жеке емхана  салдым. Қазіргі таңда 12 білікті мамандарды жұмыспен қамтудамын. Сондай – ақ жаңа үлгідегі медициналық құрал жабдықтармен толықтырып отырамын", - деді ол. 

Сонымен бірге, оның айтуы бойынша, еңбегі еленіп, облыстық, аудандық, республикалық бірнеше марапаттарға ие болған.

"Бүгінгі таңда Еңбегім  елеусіз  қалған жоқ, 1984 ж. КР ДМ  Мақтау граматасымен, 2001 жылы КР Тәуелсіздігіне -10 жыл медалімен, 2006 жылы ҚР Парламентіне -10 жыл медалімен, 2011 жылы Ерен еңбегі үшін медалімен, 2015 жылы Денсаулық сақтау ісінің үздігі төс белгісімен марапатталдым", - деп сөзін аяқтады.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды