• Басты
  • Маңғыстау облысында жемқорлық фактілерінің жолын кесу тиімділігі 2 есеге арты
8 Қараша, 2019 14:53

Маңғыстау облысында жемқорлық фактілерінің жолын кесу тиімділігі 2 есеге арты

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің тергеу жұмысының 9 ай қорытындысы бойынша брифинг өткізілді.
Маңғыстау облысында  жемқорлық фактілерінің жолын кесу тиімділігі 2 есеге арты

 Есепті кезеңде Агенттіктің алға қойған міндеттерін басшылыққа ала  отырып, Департамент тергеу бағыты бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

Осы орайда Департаменттің тергеу басқармасының басшысы Бауыржан Баймұрза сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмыстың тиімділігі 2 есеге артып, пара алу мен бюджет қаражатын ұрлау сияқты сыбайлас жемқорлық схемалары орын алып, Департаментпен 6 дерек анықталын, олар бойынша белгіленген және өтелген шығын 1,2 млрд. теңгені құрағанын айтып өтті.

Мысалы, автожол саласында облыстың квазимемлекеттік сектордың екі басшысы яғни «КазАвтоЖол» ҰК АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры және оның орынбасары ұйымдастылған қылмыстық схеманың жолы кесілді. Атап айтқанда, орындалмаған актілерге қол қою және шарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде өнім берушінің мүддесін қолдау, сондай – ақ автожол құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру деректері парақорлықтың негізі болып табылды.

Қазіргі таңда жүргізілген талдау нәтижесімен сыбайлас жемқорлыққа бейім салаларды анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді. Жүргізілген талдау нәтижесінде жер қатынастары, денсаулық сақтау, құрылыс және ауыл шаруашылығы салалары бойынша қылмыс жолдары кесілді. 

Сондай-ақ, азаматтардың сенім деңгейін арттыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесу аясында Департамент 9 адамға                          1 млн 416,4 мың теңге көлемінде сыйақы берді.

Сонымен қатар, Департаменттің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Анар Маңқатаева бүгінгі таңда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жұмыстары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылатынын айтып өтті. 

Ағымдағы жылдың 9 айы бойынша Департаментке 633 өтініш келіп түссе, өткен жылдың 9 ай қорытындысында 587 өтініш келіп түскен, яғни өткен жылмен салыстырғанда азаматтардың біздің органға сенімінің артқандығы байқалады. 

Агенттіктің халықпен тығыз өзара байланыс орнату мақсатында құрылған Call-орталығына (1424) 26 өтініш келіп түсіп, оның 2 бойынша қылмыстық іс қозғалған. 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда, барлық азаматтар 1424 нөмірі бойынша Call- орталыққа хабарласа алады және ол жөнінде құпиялық қамтамасыз етіледі.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды