- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова өңірдегі эпидемиологиялық жағдай туралы баян етті. Оның мәліметінше, коронавирус инфекциясынан 22 332 азамат емделіп шыққан. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалынан оқи аласыз.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова Маңғыстау облысында эпидемиологиялық жағдайы тұрақталғанын айтып өтті. Сондай-ақ, өңір 20 қырқүйектен бастап өңір «жасыл аймақта».
Оның мәліметінше, облыста жыл басынан бері коронавирус жұқтырғандардың саны 19 337-ді құраған. Қазіргі таңға дейін 22 332 азамат емделіп шыққан. Қазіргі таңда тұрғындарға 375 инфекциялық және
57 реанимациялық төсек орындық 8 стационар қызмет көрсетуде.
«Осы стационарларда бүгінгі күні 57 адам ем қабылдауда.Төсек орындардың толымдылығы – 17% құрайды. Коронавирус оқу жылы басталғалы 82 оқушыдан анықталды», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
Вакциналау қарқыны
Оның сөзінше, медициналық ұйымдар жеткілікті дәрілік препараттармен және жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған. Сонымен қатар, вакциналау жұмыстары әлі жалғасуда.14 қазандағы жағдай бойынша, өңірде I компонентпен – 161 814 адам егілген болса, II компонентпен – 140 920 адам егілген.
«Бұған қосымша барлық қажетті ресурстар жұмылдырылып, күшейтілген режимде жұмыс жалғасуда. 17 жүрмелі бригадалармен үйден вакцина салдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Мониторингтік топтардың жұмыстары жалғасуда», - деді Гүлмира Қалмұратова.
Халыққа ақпараттық қолдау көрсету
Ол өз сөзінде КВИ-ге қарсы екпе салуды жүргізу туралы ақпараттық-түсіндіру науқанын жүзеге асыруға қатысты жол картасы жасақталып жатырғанын айтып өтті. Осы орайда, 2456 ақпарат жарияланған. Сондай-ақ, тұрақты түрде оқырман саны көп әлеуметтік желілер арқылы медицина мамандары мен эпидемиолог дәрігерлер тікелей эфирде сұқбат ұйымдастырып, тұрғындарды толғандырған сан түрлі сұрақтарға жауап беру жұмыстары жүргізуде.
«Бүгінгі таңда 45 тікелей эфир өткізіліп, тұрғындардың 283 сұрағына жауап берілді. Облыс тұрғындарының арасында вакциналау туралы ақпараттық-түсіндіру іс-шараларына медицина саласының өкілдері, мемлекеттік органдардың мамандары, облыстың зиялы қауым, қоғамдық пікір көшбасшылары, спортшылар тартылып, тиісті жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде», - деді ол.
Мәселен, коронавирус инфекциясын емдейтін емханалардағы жағдайды көрсету мақсатында жергілікті «Маңғыстау», «Ақтау», «Жаңаөзен» телеарналары емханаларға барып, сюжеттер ұйымдастырған. Аталған емханаларда дәрігерлер мен емделушілерден бейнеформатта сұқбат алынған.
«Қоғам белсенділері мен блогерлер провизорлық емханаларға 20 рет барып, емделушілердің жағдайларымен танысып, тікелей эфир арқылы тұрғындармен байланыс орнатылды», - деді Гүлмира Қалмұратова.
Сондай-ақ, ол дін саласы бойынша, облыстық, қалалық және аудандық мешіттерде жұма намаздарында, вакциналау қажеттілігі туралы уағыздар жүйелі түрде айтылып жүргенін атап өтті. Мәселен, 21 антиваксермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша бүгінгі күні әлеуметтік желілерде аталған антиваксерлер белсенділік танытпайтынын жеткізді.
Өңірде «Ashyq» мобильді қосымшасын 3008 нысан енгізген
Ол «Ашық» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатырғанын айтып өтті. Нақтырақ айтқанда, «Ashyq» мобильді қосымшасын 3008 нысан пайдалануда, оның ішінде 2968 нысан ресми сайтқа тіркелген және 39 нысан тестілік режимде қатысуда.
«Жоба қатысушылары арасында QRкодың ең көп пайдаланған 47 нысанға «Ashyq» көшбасшылары» мәртебесі берілді. Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы бақылауда. Осы бағыттағы бірлескен жұмыстар одан әрі жалғасуда», - деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар
-
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар
-
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары
-
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары
-
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері
-
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары
-
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан

