- Басты
- Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды
Маңғыстау облысына жыл басынан бері 445 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған баспасөз мәжілісінде облыс басшысы Серікбай Трұмов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдымызға қойған міндерінің бірі - облысқа инвестиция тарту. Өңірге 2019 жылдың басынан бері 2,9% өсіммен 445 млрд теңге инвестиция тартылды. Өткен жылы осы кезеңде 417 млрд.теңге инвестиция тартылған еді. Бүгінгі таңда облыста шетелдік капиталмен 49 елден 763 кәсіпорын қызметін жалғастыруда. Атап айтсам, Ресей – 300 кәсіпорын, Қытай - 60 кәсіпорын, Әзірбайжан - 56 кәсіпорын, Нидерланды - 36 кәсіпорын, Өзбекістан - 34 кәсіпорын, АҚШ– 29 кәсіпорын, Иран- 28 кәсіпорын, Түркия– 21 кәсіпорын", - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар облыс әкімінің сөзіне сүйенсек, биыл өңірде жалпы құны 29 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ал қазіргі таңда оның бесеуі пайдалануға берілген.
"Ағымдағы жылы облыста құны 29 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланды. Бүгінгі таңда 5 жобасы пайдалануға беріліп, 350 жаңа жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында 9 млрд теңге жұмсалған Форт-Шевченко қаласындағы қуаты 43,6МВт жел-энергетикалық станциясы бар. Ол қазан айында іске қосылды. Сонымен қатар қарашада жұмысын бастаған теңіз суын дайындайтын жүйе, оған 8,6 млрд теңге жұмсалды. Құны 782 млн теңге болатын жел электр станциясы. Қыркүйек айында іске қосылған тігін фабрикасы, құны - 350 млн теңге және де - битум эмульсиясы негізінде гидро-оқшаулағыш материалдар өндіру зауыты мамыр айында іске қосылған еді", - деп атап өтті облыс әкімі.
Сондай-ақ облыс әкімі өз баяндамасында болашақта өңірде құрылатын зауыт-фабрикаларға тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, құны - 10,6 млрд теңге болатын шағын мұнай өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда. Жоба аясында 200 жұмыс орны құрылады. Жоспар бойынша, Ақтау қаласындағы өндірістік аймақта жылына 830 мың тонна мұнай өңделіп, бензин, мазут шығарылады. Қазіргі таңда Энергетика министрлігімен жобаны шикізатпен қамту жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Сонымен қатар оның айтуынша өткен аптада облыстың экономикалық дамуына жаңа серпін беретін жобалар құрылысы бастау алған.
"Мұнайхимия өндірісіне қажетті метонол мен олефин шығаратын құны – 1,8 млрд долларды құрайтын зауыт құрылысы. Аталған жоба "Ақтау" теңіз порты" арнайы экономикалық аймағында жүзеге аспақ. Сингапуолық инвесторлардың қолдауымен "ВестГазОйл" 2023 жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Оның құрылысы кезінде 4000, жоба іске қосылғаннан кейін 700-ге жуық жұмыс орны құрылмақ. Сонымен бірге Әзірбайжан елімен бірлескен Каспий теңізінде талшықты-оптикалық байланыс желісі құрылысының жобасы жүзеге аспақ", - деді Серікбай Трұмов.
Бұдан басқа оның айтуынша, 5G, Смарт сити, Биг дата сияқты сандық технологияларды дамытуға мүмкіндік беретін жоба іске аспақ. Оның инвесторлары - "Транстелеком", "Казтранском" және "Азертелеком". Өңір әкімінің сөзіне сүйенсек, оның құны – 60 млн доллар болмақ және 150 жұмыс орнының құрылуына септігін тигізеді.
Сонымен қатар Серікбай Трумов өңірде мемлекеттік бағдарламалар да жүйелі түрде іске асып жатыр.
"Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 961 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді. Облыста құны 22 млрд теңгені құрайтын 32 жоба жүзеге асырылуда. Оны іске асыру үшін 9,5 млрд теңге қаражат бөлінді. Оның басты мақсаты – тұрғындарды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын (мүгедек балалары бар, көпбалалы аз қамтылған отбасылар, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар) қолжетімді тұрғын үймен қамту. Бүгінгі күні өңірде аталған категориямен 8 491 отбасы бар", - деді облыс басшысы.
Сондай-ақ оның сөзіне сүйенсек, биыл 1,2 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.
"Осы үйлердің біраз бөлігі аз қамтылған отбасыларына берілетін болады. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік осал топтарын қол жетімді тұрғын-үймен қамту мақсатында тұрғын үй сертификаттарын беру және Ақтау қаласынан пәтер сатып алу шаралары қабылданды", - деді Серікбай Трумов.
Бұдан басқа облыс әкімі "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы бойынша елдімекендерді сумен қамту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Өңірде су мәселесі бар және оны шешуге көптеген жұмыс істеліп жатыр. Су тапшылығы күніне 35 мың текше метрді құрайды. Осы мәселені шешу мақсатында қазіргі таңда "Каспий" су тұщыту зауытының тәуліктік қуатын 40 мыңға дейін кеңейту жұмыстары басталды. Аталған жоба құны 10,6 млрд теңгені құрайды. Өңірде ауылдарды орталықтандырылған ауыз сумен қамту көрсеткіші - 69 пайызды құрап отыр, жыл жыл соңына дейін 75 пайызға жеткізу жоспарлануда", - деді өңір басшысы.
Сонымен қатар оның айтуынша, Елбасының тапсырмасымен Маңғыстау облысын туристік аймаққа айналдырып, туризмнің әлеуетін арттыру үшін бірқатар шаралар қабылданған.
"2018 жылғы тамызда Ақтау қаласында Каспий Саммиті өтті. Саммит барысында барысында барлық мемлекет басшылары Каспий теңізінің қазақстандық жағалауында туризмді дамыту үшін өңірдің әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Бұл бағытта Елбасының арнайы тапсырмасы берілді. Қазір Ақтау қаласында Түркиялық инвесторлардың қатысуымен құны 57 млрд теңгені құрайтын 500 орынға арналған туристік қонақ үй кешенінің құрылысы жүруде. Нысанның 1-ші кезеңі 2020 жылдың соңында іске қосылып, 600 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда", - деді ол.
Сондай-ақ ол өңірдегі туризмді толықтай дамыту үшін жағажай аумағындағы жол құрылысы, су, газ және электрмен қамту жобалары жасақталып, құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталып, республикалық бюджеттен 4 млрд теңге бөлінгенін атап өтті.
"Мәселен, МАЭК су жинау каналынан Құрық паром кешеніне дейінгі жол құрылысына - 3,3 млрд теңге, жағажайдан Сарша жеріне дейін газ тарату желілері құрылысына – 400 млн теңге, Өмірзақ ауылынан жағажайға дейін және "Шора" каналы арқылы автомобиль жолдары құрылысына – 250 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, Сарша және Кендірлі қурортты аумақтарын дамыту жоспарланды", - деді Серік Трумов.
Бұдан соң өңір басшысы облыстың транзиттік және көлік-логистикасын дамыту мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда Маңғыстау автомобиль жолы, темір жол, су және әуе жол қатынасы шоғырланған еліміздегі жалғыз өңір. Облыс магистралды желілермен толық қамтылған.
"Биыл шілде айында "Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы" автожолы қолданысқа берілді, оған 84 км, 5,8 млрд тенге жұмсалды. Қазір "Жетібай-Жаңаөзен-Түркменістан шекарасы" автомобиль жолының құрылысы жүруде. Ауылішілік жолдарды дамыту тұрақты бақылауда. "Ауыл – Ел бесігі" бағдарламасы бойынша, үйге дейін жол қағидатымен 3 ауылда 12 жолдың орта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы ағымдағы жылы ауылішілік жолдардың құрылысы мен жөндеуіне 7 млрд теңге бөлінді", - деп атап өтті облыс басшысы.
Сонымен қатар өз баяндамасында Серік Трумов облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша мәліметтерге тоқталып өтті. Оның сөзіне сүйенсек, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты.
"Өңір экономикасының дамуы соңғы 3 жылда 3,7 пайызға өсті. Ішкі өңірлік өнім – 1,5 трлн теңге, 2018 жылдың 6 айында 1,4 трлн теңгені құраған болатын. Жан басына шаққандағы өңірлік өнім көрсеткіші бойынша облысымыз республикада Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан қаласынан кейін 4-орында. Өнеркәсіп өнімінің көлемі - 2,4 трлн. теңге немесе 100,2 пайыз. Бұл елімізде өндірілген өнімнің 10 паызы, республикада Атыраудан кейін 2 орындамыз", - деді ол.
Оның айтуы бойынша, өңдеу өнеркәсібінің эспорты 47,3 млн долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,3 пайызға артқан. Сондай-ақ өңірде КазАзот, Ақтау Стил, Капий цемент, Арселор Миттал, Сатекс Чемие кәсіпрындарды экспорт тауарларын тұрақты түрде шығарып отыратынын айтып өтті.
Сонымен бірге ол орта бизнесті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуды мемлекет басшысының тапсырысы екендігін атап өтті. Оның айтуынша, өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі - 22,5%. Олардың саны 6,5%-ға артып, 54 мың бірлікті құраған.
"Бизнестің жол картасы" бағдарламасы іске қосылған 2010 жылдан бері облыста 87 млрд теңгеге 935 жоба, оның ішінде биыл 4 млрд теңгеге 170 жоба субсидияланды. Нәтижесінде 4 797 астам жаңа жұмыс орны құрылды, 13 636 жұмыс орны сақталды, бюджетке 70 млрд теңге салық төленіп, 1,1 трлн теңгеге өнім өндірілді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсіммен 2,2 млрд теңге микрокредит бөлінді. Нәтижесінде 279 жоба іске қосылып, 397 жаңа жұмыс орындары құрылды", - деді Серікбай Трумов.
Сондай-ақ ол "Нұр капитал" өңірлік бағдарламасы бойынша 2,2 млрд теңгеге 113 жоба қаржыландырылып, 932 жаңа жұмыс орны ашылғанын айтты. Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылған жүмыстар нәтижесінде 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Сәйкесінше жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін төмендеген.
"Кәсіпкерлікті дамыту бағытында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Жаңаөзен қаласында "Кәсіп түбі – нәсіп" жобасы іске асырылуда. Бұл жоба экономикасы тек бір салаға тәуелді Жаңаөзен қаласы үшін өте маңызды және қалада жаңа жұмыс орнын ашуға бірден-бір мүмкіндік береді. Жоба аясында қаланың жұмыссыз тұрғындарына өз ісін бастау үшін арнайы консультациялық көмектер беріледі. Жалпы биыл Жаңаөзен қаласы бойынша "Бастау бизнес", "Жас кәсіпкер" бағдарламалары бойынша 491 адам оқытудан өтіп, 37 млн теңгеге 77 жоба іске асты", - деді Серікбай Трумов.
Бұдан басқа ол облыстың мәдени-рухани өміріне тың серпіліс берген айтулы іс-шараларға тоқталды.
"Ерекше атап өтерлік дүние - Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Еңбек ері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының 80 жылдық мерейтойы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен халықаралық ауқымда аталып өтті. Көзі тірісінде қазақ әдебиетінің классигі әрі абызы атанған қаламгер рухына құрмет мұнымен толастамайды", - деген облыс басшысы санаулы күндерден соң Елорда төрінде де жазушының туған күніне орай бірқатар іс шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті.
Назерке Сүйіндік
-
Д.Назарбаева: Жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция беріледі
Елордада Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай республикалық конференция өтіп жатыр. Конференцияға қатысып, мәслихат депутаттарын аталмыш мерейтоймен құттықтаған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева келер жылы республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 2 трлн теңге субвенция берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Желтоқсан 2019, 11:51
-
Қазақстан әскерінде жаңа оқу жылы басталды
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылының басталуына орай жеке құрамның салтанатты сапқа тұруы өтті. Жаңа кезең «Қуатты армия - Ел тірегі!» ұранымен басталды.
04 Желтоқсан 2019, 09:13
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
Ұлттық Паралимпиада Комитеті 4 жылдық нәтижелерін қорытындылады
2019 жылғы 28 қарашада ҚР Ұлттық Паралимпиадалық Комитеті Конференциясының отырысында 4 жыл ішінде атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды. ҚР ҰПК Президенті Қайрат Боранбаев еліміздегі паралимпиадалық қозғалыс спорт федерацияларының қолдауымен дұрыс бағытта дамуда екенін атап өтті.
29 Қараша 2019, 11:37
-
Жастар жылы: Жастар тұрақты даму мақсаттарына атсалысады
Елордада «Студенттер мен жас оқытушылардың ТДМ-2030-ға үлесі» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:38
-
"Мұзды өлке 2" фильмін қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалды
Диснейдің "Мұзды өлке 2" мульфильмі қазақ тілінде көрерменге жол тартты. Бұл - "Өзіңнен баста" жобасы аясында мемлекеттік тілге аударылып, дыбысталған голливудттың 33-өнімі. Аталған жобаны қазақшалауға 50 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Бұл туралы "Мұзды өлке 2" анимациялық фильмінің алдын ала көрсетілімінде "Болашақ" қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Шайжүнісова айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 17:08
-
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады
Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы өркендеу үшін кеңейтілген интеграция» тақырыбындағы аймақтық конференция барысында Еуропалық одақ жалпы сомасы 28 миллион еуро көлемінде қаржыландыратын Орталық Азиядағы сауда, заң үстемдігі, сондай-ақ инвестициялар мен өсуді қолдауға бағытталған үш жылдық бағдарламаларының ресми түрде іске қосты. Еуропалық Одақ ұйымдастырған екі күндік іс-шара Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы аймақтық интеграцияны және 2019 жылғы маусымда қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 13:41
-
Келер жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасының талаптары күшейтіледі
Келесі жылдан бастап "Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп, оның талаптары күшейтілетін болады. Бұл туралы "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы" тақырыбында өткен баспасөз мәжілісінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 17:30
-
Қазақстан-Швейцария: Сауда айналымы 1,9 млрд долларды құрады
Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-саттық айналымы ағымдағы жылдың тоғыз айында 1,9 млрд долларды құрады. Бұл туралы елордада Швейцария Президенті – Федералдық Кеңесші Уели Маурердің қатысуымен өткен дөңгелек үстелде ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
22 Қараша 2019, 20:26
-
Egemen Qazaqstan 100 жылдық мерейтойын атап өтті
"Egemen Qazaqstan" республикалық газетінің 100 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
21 Қараша 2019, 12:14
-
Биыл балалары бар отбасыларға мемлекеттік бюджеттен 162 млрд теңгеден астам қаражат төленді
2019 жылы балалары бар отбасыларды қолдауға және әлеуметтік жәрдемақы төлеуге республикалық бюджетте 196 млрд теңгеден астам қаржы көзделген, оның 162,5 млрд теңгесі игерілді.
18 Қараша 2019, 16:02
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді
Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.
17 Қараша 2019, 12:27
-
25 жылда 300 млрд теңгенің несиесі берілді – Ж.Омаров
Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында Қор жалпы сомасы 300 млрд теңге болатын 143 мыңнан астам несие берген екен. Осы орайда Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров Қордағы бірқатар маңызды жаңалықтар туралы айтып берді.
14 Қараша 2019, 17:52
-
Е.Хаиров: Орта Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың 70% -ы Қазақстанға салынуда
Елордада Италия сыртқы министрінің орынбасары Манлио Ди Стефаноның қатысуымен бірінші қазақ-италян бизнес форумы өтіп жатыр. Форум барысында Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Хаиров Орта Азиядағы тікелей шетелдік инвестициялардың 70% -ы Қазақстанға салынып жатқанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
13 Қараша 2019, 17:19
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды