• Басты
  • Маңғыстау облысы экономикасының дамуы 3 жылда 3,7%-ға өсті
3 Қазан, 2019 13:12

Маңғыстау облысы экономикасының дамуы 3 жылда 3,7%-ға өсті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында Маңғыстау өңірінің әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен бірқатар қоғамдық мәселелер талқыланды. Алдымен облыс әкімі аймақтың экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде баяндады.

 

Маңғыстау облысы экономикасының дамуы 3 жылда 3,7%-ға өсті

Өңір экономикасының дамуы соңғы 3 жылда 3,7%-ға өскен. Ішкі өңірлік өнім көлемі - 661 млрд.теңге, нақты көлем индексі 97%-ды құрайды. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі – 110 млрд.теңге, ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 10 млрд.теңгені, ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8,1%-ға артып, 54 мың бірлікті құрап отыр. Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімі - 1,9 трлн. теңге, тау-кен өндірісі - 1,7 трлн. теңге, мұнай өндіру - 11,9 млн.тонна, табиғи газ өндіру - 2 млрд.текше метр, инвестиция көлемі – 292 млрд. теңге, құрылыс жұмыстарының көлемі – 84 млрд. теңгені құрады.

 Өңірде «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында 160 тұрғынның құжаттары қаралып, өтініштері қолдау тапқан. Жыл соңына дейін тағы да 60 отбасы баспаналы болады деп күтілуде. Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау мақсатында жалпы ауданы 17 мың шаршы метр болатын 272 пәтерлік 34 жалдамалы тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Осы үйлердің ішінен биыл 256 үй тапсырылады. Сонымен қатар, осы жылдың бюджетінде көпбалалы отбасылар үшін Ақтау қаласынан 205 пәтер сатып алуға қаржы бөлінді. 

Аймақтың су тапшылығы мәселесін шешу мақсатында «Каспий» су тұщыту зауытының тәуліктік қуатын 20 мың текше метрден 40 мыңға дейін жеткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, инвесторлармен және өңірдің мұнай өндіруші компанияларымен бірлесе отырып «Кендірлі» аймағында (50 мың текше метр), Құрық ауылында (45 мың текше метр) және «Қаражанбас» кенорнында (17 мың текше метр), барлығы 112 мың текше метрді құрайтын су тұщыту зауыттарын салу қарастырылуда. Жобалар іске асырылған жағдайда су өндіру көлемі 130 мың текше метрге дейін жеткізіледі.

Сонымен қатар, кеңес кезінде Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарына бірқатар өзгерістер енгізілді. Қала халқының тығыз орналасуына байланысты оларды Ақтау қаласына көшіруге шешім қабылданып, бүгінгі таңда 388 отбасы көшіріледі деп жоспарлануда.

 Бұл тұрғындардың барлығының ағымдағы статусына талдау жүргізілді. Енді жаңа Жоспарға сәйкес 2020-2024 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы тұрғындарын Ақтауға көшіру үшін 10 000 пәтер салу қарастырылды. Бұл үйлер құрылысы Ақтау қаласындағы жаңа 13 шағынаудандарда жүргізілетін болады.

«Өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жасалып жатқан жұмыстар одан әрі де жалғаса беретін болады. Жергілікті атқарушы орган ретінде орын алып отырған дағдарыстық құбылыстарға уақытылы ден қою, қажетті шешімдерді жедел қабылдау, өңірімізде экономикалық және саяси тұрақтылықты сақтау, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын көтеру жолында үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да институттармен бірлесіп жұмыс жасайтын боламыз», - деп атап өтті облыс әкімі Серікбай Тұрымов.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды