• Басты
  • Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар

Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында құрғақшылыққа байланысты қолға алынған шаралар

12 Тамыз, 2021 17:45

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев елдегі жемшөп дайындау және Маңғыстау мен Қызылорда облыстарындағы құрғақшылық салдары туралы баяндады.Оның айтуынша, Түркістан және Маңғыстау облыстарындағы жем-шөп тапшылығы ағымдағы жылдан басталған. Мал азығын арзандатуға Маңғыстау облысына үкімет резерві тарапынан 1,9 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінген Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Құрғақшылықтың салдарын жою

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеев ағымдағы жылы құрғақшылық салдарынан елдің мал шаруашылығында күрделі жағдай қалыптасқанын атап өтті. Әсіресе, Маңғыстау және Қызылорда облыстары зардап шеккен.

Оның айтуынша, құрғақшылықтың теріс әсері қолайсыз ауа-райы құбылыстары аймағында қалған басқа облыстардың жекелеген аймақтарында да байқалған. Жиында Республикалық жедел штаб отырысында құрғақшылықтың салдарын жою және мал шаруашылығына келтірілген залалды азайту үшін қандай жедел шаралар қабылданғаны туралы айтып берді.

Ербол Қарашөкеевпайымынша, шараларды қабылдау қажеттілігі мал шаруашылығын тиісті азық базасы болмай дамыту үлкен және негізсіз тәуекел. Қазіргі құрғақшылық сияқты ауа райы катаклизмдері орын алуы оқиғалардың осылай өрбуіне алдын ала дайындықты талап еткенін атап өтті.
«Өкінішке орай, биылғы жыл бұған дайын болмағанымызды көрсетті. Ғалымдардың деректері бойынша, елімізде жыл сайын мал азығы зоотехникалық қажеттілік нормасынан 2 есе аз өндіріледі. Жемшөптің осы көлемінің шамамен 70%-ы негізінен табиғи шабындықтарда және шабындық деп аталатын жайылымдарда жиналады», - деді Ербол Қарашөкеев.

Мал өнімділігінің төмендігі

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өнімділік толығымен ауа райына байланысты. Жеке үй шаруашылықтарындағы мал өнімділігінің төмендігінің негізгі себептерінің бірі осы екенін жеткізді.

«Бізде ауыспалы егістегі жемшөп дақылдарының үлесі 15% деңгейінде, бұл ғылым ұсынған көрсеткіштен 2 есе төмен. Осылайша, мал шаруашылығын дамытудың негізгі қағидаттары бұзылды», - деді ол.

Оның сөзінше, асыл тұқымды аналық мал басын жаппай импорттау есебінен мал шаруашылығының экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасының дамуын айтарлықтай тежеген себептердің бірі дәл базалық қағидатты сақтамау болғандығын атап өтті.

«Мал шаруашылығын ойдағыдай дамытқың келсе, азықтың жеткілікті екеніне көзіңді жеткіз. Мысал келтіру үшін алысқа барудың қажеті жоқ», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның дерегінше, Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін барлық мал басының 732 мыңға жуығы болған. Мұндай мал басы үшін жалпы ұзындығы шамамен 260 км болатын 3400 шахта мен құбырлы құдық, 43 тоған мен су құбырлары салынып, жұмыс істеген.

Сондай-ақ оның мәліметінше, Маңғыстау облысында 840 мыңға жуық мал басы бар. Оның жалпы саны 15% - ға өскен. Сондай-ақ, құдықтардың саны 2500-ге дейін қысқарған, дегенмен 2014-2020 жылдар аралығында шамамен 400 құдық пен ұңғыма салынып қалпына келген.

«Жайылымдардың өнімділігін арттыру бойынша жағдай қиын болды. Мен өзім Маңғыстау облысына барып, қарап шықтым. Қатты құрғақшылықтың әсерінен нашарлаған жайылымдар таусылуда. Өкінішке орай, мал өсірушілер осындай қиын жағдайға тап болды», - деді ол.

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бұл тығырықтан шығудың бір ғана жолы - ауа райы факторларының әсеріне қарамастан, саланың тұрақты дамуына кепілдік беруге мүмкіндік беретін жүйелі шаралар қабылдау қажет.

Егіншілікті әртараптандыру

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, жер пайдаланушы жер учаскесін жалдау шартында ауыспалы егісті сақтау міндеттемесін алады. Дегенмен, бақылаудың тиімді тетіктерінің болмауына байланысты бұл міндеттемелер қағаз жүзінде қалады. Сондай-ақ, жергілікті жерлердегі жер инспекциясының қазіргі саны мен шектеулі техникалық жарақтандырылуы бақылау мәселесін шешуге мүмкіндік бермеген.

«Бұл жерде мәселелер көп, біз оларды шешуге тырысудамыз. Мысалы, біздің жағдайымызға бейімделген суреттерді ашу әдістемесінің болмауына байланысты тек егіс және егін жинау науқанының барысын ғана бақылай аламыз. Бірақ дақыл түрлерінің құрамын, ауыспалы егістің сақталуын бақылай алмаймызы», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның пайымынша, бұл жерде қолданбалы ғылыми зерттеулер мен ғылыми ұйымдарды қаржыландырудың тиісті көлемімен қамтамасыз ету керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жемшөп дақылдары үшін суармалы жерлердің ауданын кеңейту керектігін жеткізді. Климаттың өзгеруі су ресурстарының тапшылығына алып келген. Сәйкесінше, суармалы жерлердің көлемі соңғы 30 жылда 1,5 млн гектарға дейін қысқарған екен.

«Мұндай жағдайларда қазіргі заманғы су үнемдеу технологияларына көшу, ылғал сыйымды дақылдар алаңдарын қысқарту, су ресурстарының жаңа көздерін іздеу есебінен суармалы суды ұтымды пайдалану бұрынғыдан да маңызды. Бұл біздің алдымызда тұрған маңызды міндеттердің бірі», - деді ол.

Жемшөп дақылдарының тұқым өндірісі

Сондай-ақ, ол жемшөп дақылдарының тұқым өндірісін дамыту да алдыңғы қатарда екенін атап өтті. Қазіргі таңда оларды өсірумен барлығы 57 шаруашылық айналысады. Алайда, толық қуаттылықпен емес.

Оның пайымынша, негізгі себеп нақты сұраныс жоқтығынан болса, екінші себеп малшылардың көбі ескіше ойлайтынын алға тартты.Осы себептерге байланысты өткен жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1000 тоннадан астам жемшөп дақылдарының тұқымын сатып алған. Ғылыми нормалар бойынша елдің жемшөп өндірісін тұқыммен толық қамтамасыз ету үшін шамамен 300 мың тонна тұқым қажеттілігін атап өтті.

Жайылым айналымының болмауы

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, пайдаланылатын жайылым алқаптарының өнімділігін арттыру және олардың шекарасын кеңейту мал шаруашылығының маңызды мәселелерінің бірі. Ол жайылым айналымының болмауы еліміздің әртүрлі табиғи-климаттық аймақтарында жайылымдық жерлердің 20%-дан 50%-ға дейін тозуына әкеліп соққанын атап өтті. Сондай-ақ, Ауыл шарушылық министрлігі мәдени және аридті жайылымдарды құруға және олардың өнімділігін жер үсті жақсарту есебінен арттыруға баса назар аударуға ниетті екендігін жеткізді.

«Жайылым айналымы ережелерін сақтау туралы норма «Жайылымдар туралы» заңда да бекітілген. Оны орындау әрбір жер пайдаланушының тікелей міндеті болып табылады. Алайда, тиісті техниканың болмауына байланысты оны бақылау мүмкін емес. Бұл қажетті қолданбалы ғылыми зерттеулерді қажет етеді», - деді Ербол Қарашөкеев.

Жайылым шекарасын кеңейту

Сонымен қатар, ол пайдаланылатын жайылымдардың шекарасын кеңейту мәселелеріне тоқталып өтті. Ондағы негізі мәселе суландыру. Қолданыстағы бағдарлама бойынша фермерлер есебінен құдықтарды салу және қайта жаңарту қарастырылуда. Оның дерегінше, шығындардың 80%-ы - республикалық бюджет есебінен, 50%-ы және жергілікті бюджет есебінен 30%-ы субсидияланады.

«Жайылымдар туралы айтқанда, олардың жеке қосалқы шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету мәселесін айналып өту мүмкін емес. Елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлердің тапшылығына байланысты жағдай жеке қосалқы шаруашылықтар үшін деградациямен күрделене түсуде», - деді Ербол Қарашөкеев.

Жайылымдық жерлердің тапшылығы

Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, мәселені шешудің қолданыстағы тетіктері бөлінетін жерлердің елді мекендерден алыстығына және олардың жайластырылмауына байланысты ауыл тұрғындары үшін жоғары шығынды немесе қолайсыз екенін түсіну керек. Сонымен қатар, жайылымдық алқаптарды бөле отырып, кооперативтерге қызмет көрсету жөніндегі мамандандырылған құрылымдар құру бойынша ғана емес, елді мекендерге жақын орналасқан және жайылымдық алқаптардың резервтік алаңдары бар шаруашылық жүргізуші субъектілермен жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялау бойынша да оң мысалдар бар екенін атап өтті.

«Бұл жағдайдан шығудың бір жолы ЖҚШ кооперациясы деп ойлаймыз. Бұл жерде мемлекеттік қолдау мен ынталандыру шараларын пайдалана отырып, осы тәжірибені көбейткен орынды деп ойлаймын. Жақында Үкімет отырысында республика бойынша жеке қосалқы шаруашылық кооперациясы бойынша Жамбыл облысының оң тәжірибесін тарату мәселесі қаралды. Бұл жұмыс жалғасын табады», - деді Қарашөкеев.

Мал азығының бағасын арзандату

Оның мәлімдеуінше, қазіргі таңда процестерге үлкен серпін беру үшін ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы тетіктеріне тиісті түзетулер әзірлеу жоспарлануда. Бұл шаралар саланың тұрақты дамуына, оған ауа райының әсерін барынша азайтуға және қазіргі құрғақ жағдайды қайталамауға негіз болуы тиіс екендігін жеткізді. Сондай-ақ, резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған.

«Маңғыстау облысына үкімет резерві тарапынан 1,9 млрд теңге, Қызылорда облысына 1,7 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жергілікті бюджетке жетті. Әкімшілік оны үлестіре бастады», - деді Қарашөкеев.

Оның айтуынша, жеке қосалқы қожалықтарға және шаруа қожалықтарына берілетін бұл қаржы мал азығын арзандатуға арналған. Оны жергілікті әкімшіліктер жеке қосалқы шаруашылықтардың, шаруа қожалықтарының тізімдерін нақтылап таратады. Сондай-ақ, бұл қаржы сатып алған мал азығын, жемшөпті арзандатуға ақшалай түрде алынатын болады.

«Қаражат тамыз айының соңына дейін игерілмек. Резервтен бөлінген қаржы арнайы мал азығының бағасын арзандатуға ғана арналған. Басқа ешқандай мақсатта жұмсалмайды», - деді Ербол Қарашөкеев.

Оның мәліметінше, қыркүйек айынан кейін шөптің болмау қаупіне байланысты жемшөп резервін құру үшін 5,3 млрд теңге қарастырылған. Маңғыстау облысының әкімшілігі 25 мың тонна шөп, 35 мың тонна жем сатып алуды жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар