- Басты
- Жаңалықтар
- Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
Маңғыстау облысының әкімдігі мен «Олжа Агро» ЖШС-гі арасында мал азығын тегін жеткізу бойынша меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында қуаңшылықтан қиналған шаруаларға көмек беру шаралары жалғасуда. Облыс әкімдігімен келісім аясында «Олжа Агро» ЖШС Маңғыстау облысына құрғақшылықтан зардап шеккен мал иелеріне көмек ретінде жалпы құны 32 миллион теңге болатын 250 тонна шөп және 180 тонна жем жеткізеді.
Сонымен қатар, қол қойылған меморандум аясында «Олжа Агро» ЖШС өңірге мал азығын нарықтағыдан төмен бағамен жеткізетін болады.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындар арасында жем-шөпті жеткізу мен бөлудің ашық тетігін ұйымдастыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Бұл жұмысқа жергілікті атқарушы органның атынан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов жауапты болып, меморандумға қол қойды. «Олжа Агро» ЖШС тарапынан компанияның бас директоры Айдарбек Ходжаназаров қол қойды.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері
-
А.Тұрмұхамбетова: Сапасыз жүргізілген сауалнамалар университеттердің беделіне нұқсан келтіреді
-
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары
-
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді
-
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады
-
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері
-
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады
-
Жалған вакцина төлқұжаттары мен ПТР анықтамаларын анықтау жұмыстары қалай жүруде
-
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі
-
Қостанай облысы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстары, бизнесті қорғау және АШ-ты субсидиялау

