• Басты
  • Мақтаралдық диқандар қаңтарда қырыққабат егуді бастады
20 Қаңтар, 2020 12:25

Мақтаралдық диқандар қаңтарда қырыққабат егуді бастады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының еңбекқор шаруалары қаңтардың қақ ортасында диқаншылықты бастап жіберді. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде 10-нан астам бригада қатысып, қызу жұмыстар жүруде, деп хабарлады облыс әкімдігінің басспасөз қызметі.


 Мақтаралдық диқандар қаңтарда қырыққабат егуді бастады

Егінді ерте бастаған серіктестіктің бірі - "Дүйсенбек" шаруа қожалығы. Серік Сәдуовтың басшылығындағы қожалықтың еншісінде 4,5 гектар жер бар, соның барлығына қырыққабат дақылы егіліп жатыр. Жалпы саны 60 адамнан құралған бригада қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім негізінен 2 айдың көлемінде пісіп жетіледі. Сондай-ақ, шаруа қырықабаттың 90 күнде жетілетін сортын да еккен. 

Мақтааралдық диқандар негізінен салмағы 1-1,5 келіден аспайтын қырыққабаттың пандион, ринда, фарао сұрыптарын отырғызуда. Ерте пісетін өнім түріне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Қазірдің өзінде "Мақтарал" ауылдық округінде 50 гектардан астам жерге қырыққабат егілген.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды