- Басты
- Мақтааралдық 152 оқушы емдік-сауықтыру шипажайына аттанды
Мақтааралдық 152 оқушы емдік-сауықтыру шипажайына аттанды

Оқушыларды шипажайға апару ісі Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Нысанбаев, Қ.Аманжолов атындағы жалпы орта мектебінің медициналық бикесі және «Сарыағаш» емдік сауықтыру шипажайының дәрігерлеріне жүктелді. Яғни, оқушыларды шығарып салу үшін барлық қауіпсіздік шаралары қолға алынып, жол полициясы, жедел жәрдем қызметі де жұмылдырылған.
Оқушыларды шығарып салу шарасына қатысқан Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаевтың айтуынша, санаторийде оқушылардың қашықтықтан оқыту ісі жалғасын тауып, еш кедергісіз оқу жылын аяқтап шығатындығын атап өтті.
Айта кетейік, қазіргі таңда топан судан зардап шеккен 5 ауылдың 2624-і Атакент кенті 8 эвакуациялық пунктерге орналастырылған. Оның ішінде 1598-і ересек, 770-і мектеп оқушылары, 256-сы мектеп жасына жетпеген балалар. Қалған эвакуацияланған тұрғындар ағайын-туыстарының үйлерінде тұрып жатыр.
Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жантақсай, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында бұған дейін 5 мектеп орналасса, бұл білім ұяларында 1820 оқушы дәріс алып келген. Сонымен қатар, 6 балабақша жұмыс істеп келсе, онда 425 бүлдіршін тәрбиеленіпті. Қазіргі таңда бұл оқушылар мен бүлдіршіндер эвакуациялық орталықтарда орналасып, қашықтықтан оқыту жүйесі арқылы білім алуда.
Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың оқушыларын баспаналары толық бітіп, жаңа баспаналарына жайғасқанға дейін Қазақстан аумағындағы демалыс-сауықтыру лагерлерінде қызықты уақыт өткізулері ұйымдастырылатын болады.
Бүгін 152 оқушыдан бөлек, эвакуацияланған тұрғындардың арасынан 47 зейнеткер мен созылмалы ауруы бар бір топ науқас «Біркөлік» сауықтыру оңалту кешеніне демалысқа жіберілді. Алдағы екі аптада оларға да ем-дом шаралары көрсетіледі.
-
Үшінші тоқсанда бітіруші сынып оқушылары мектепке барады
-
Шынар Мұратова, мұғалім: Онлайн оқу оқушыларды жауаптылыққа үйретті
-
Жаңа оқу жылы: Оқушылар қандай платформада білім алады
-
Қашықтан оқу үшін оқушылар компьютерді қалай және қайдан алады
-
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек
-
Дәрілік заттарды өткізушілердің атына 152 хабарлама шығарылды
-
Өзбекстан мен Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы Мақтааралдықтарға қаржылай көмек көрсетті
-
Мақтааралдық диқандар мың тонна қарбызды экспортқа шығарды
-
Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылды - министр
-
Биыл Алакөлдің шығыс жағалауын абаттандыруға 4 млрд теңге бөлінді
-
Түркістан: Жалғы лагерьлер 15 маусымнан бастап оқушыларды қабылдайды
-
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады - А.Аймағамбетов
-
Мақтаарал: Оқушылар қашықтан оқу жүйесін жалғастыруда
-
Елорда оқушылары арасында бұрымдылар байқауы өтуде
-
А.Аймағамбетов қашықтан оқу туралы: 3,2 млн оқушы қашықтан оқуды бастады

