• Басты
  • Мақтааралда зақымданған егістіктің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді
9 Маусым, 2020 17:53

Мақтааралда зақымданған егістіктің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді

Мақтаарал ауданы аумағында жалпы 994 агроқұрылымға тиесілі 5695 гектар егістік жер тасқын судан зақымданған болатын. Оның ішінде мақта - 3939,4 га, қауын-қарбыз - 801,2 га, жүгері - 74,75 га, жоңышқа 22,75 га, жеміс ағашы (шабдалы) - 4 га, қырыққабат - 2,22 га және агротехникалық шаралар атқарылған егістік жерлер - 850,64 га құраған, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Мақтааралда зақымданған егістіктің 50 пайыздан астамы қалпына келтірілді

Егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, егін егу жұмыстарына көршілес Өзбекстан мемлекетінен жалпы 42 ауыл шаруашылығы техникалары көмекке келді. Оның ішінде 17 дана чизель, 13 дана дән сепкіш (сеялка), 11 дана жүйеаралық баптағыш агрегаты (культивартор) және 243,6 тонна тұқымдық шит жеткізілген.

Қазіргі таңда суы тартылған егістік жерлердің 3083 гектар қайта өңделіп, 3030,5 гектар аумаққа түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Атап айтқанда, мақта - 2528,4 га, қауын - 146,25 га, жүгері - 13,8 га, күріш - 342,1 га. Алдағы уақытта тасқын судан зақымданған егістік алқаптарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасатын болады.