• Басты
  • Мақтааралдағы құрылыс алаңы дезинфекцияланды
22 Мамыр, 2020 14:51

Мақтааралдағы құрылыс алаңы дезинфекцияланды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Бұл шаралар әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау және далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

 


 Мақтааралдағы құрылыс алаңы дезинфекцияланды

 «Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынып жатқаны баршаға белгілі. Осыған байланысты қауіп қатерді болдырмау үшін залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Далалы жерлерде кене, бүрге сияқты зиянды жәндіктер жиі кездесетіні белгілі. Сондықтан құрылысшылардың және болашақта осында көшіп келетін халықтың қауіпсіздігі үшін профилактикалық шараларды іске асырылуда», – Г.Шырынқызы.

Құрылыс алаңына арнайы дайындалған дәріні шашу үшін 3 маман жұмылдырылған. Айта кетейік, бұған дейін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлер су басқан Фирдоуси және Өргебас ауылдарында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізілген болатын. Алдағы күндері қалған елдімекендерде де профилактикалық шаралар қолға алынатын болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды