- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтааралда өтемақы аударылатын банк карталары таратыла бастады
Мақтааралда өтемақы аударылатын банк карталары таратыла бастады
Мақтаарал ауданында топан судан зардап шеккен 6128 тұрғынға үкімет резерві есебінен 100 мың теңге өтемақы төлеу үшін "Халық" банк карталары таратыла бастады. Осы мақсатта қазіргі таңда Мырзакенттегі «Гүлсара» тойханасы мен «Нұрбөбек» балабақшасында және А. Пушкин атындағы жалпы орта мектебінде сондай-ақ, Атакент кентіндегі және тағы да басқа эвакуациялық пунктерде мамандар карта үлестіру жұмыстарын бастап кетті, деп хабарлады Strategy2050.kz өңірлік коммуникауциялар қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ә. Усмановтың қорынан 5202 отбасыға бөлінетін 1000 АҚШ долларлық өтемақы да осы карталарға аударылатын болады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Абдрахман Тасыбаев мәлім етті.
Басқарма басшысының айтуынша, үкімет резервінен берілетін 100 мың теңге өтемақы су тасқынынын зардап шеккен 5 елді мекенде яғни, Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылында тұратын 846 отбасындағы 6128 тұрғынға берілетін болады. Ал, Ә. Усмановтың қорынан 1000 АҚШ долларын су басқан Жеңіс, Жаңатұрмыс, Фердауси, Достық, Өргебас ауылдарынан бөлек, эвакуацияланған Мырзакент, Ақжол, Т. Жайлыбаев, Жантақсай, Арайлы, Нұрлытаң, Нұрлыжол, Шұғыла елді мекендерінің 5202 отбасына үлестірілмек.
Айта кетейік, Мақтаарал ауданындағы банк картасын тарату орындарында коронавирус індетіне байланысты қабылданған сақтық шараларының барлық талаптары қатаң түрде сақталу көзделген.
-
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты
-
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады
-
Қазақстан және әлем экономикасы қайта қалпына келе бастады
-
AntikorLive: Азия Даму банкінің Серіктестерінің «қара тізімге» ену себебі айтылды
-
Қарағанды облысында мұғалімдер вакцина ала бастады
-
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады
-
Елордада мұғалімдер мен полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина ала бастады
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасат жолы» орталығы өз жұмысын бастады
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Қазақстанда «Спутник V» вакцинасы өндіріле бастады
-
СOVID-19: Әлем елдері карантин шараларын жеңілдете бастады
-
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай
-
COVID-19: Дәрігерлерге өтемақы төлеу, кинотеатрлардың ашылуы, екінші тоқсандағы оқу форматы туралы
-
Биыл теңгенің құны 450-ден көтерілмеуі тиіс - сарапшы

