• Басты
  • Мақтааралда 9579 адам жұмыспен қамтылады
18 Мамыр, 2020 17:35

Мақтааралда 9579 адам жұмыспен қамтылады

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған "Еңбек"  бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен  қамтылады.  Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда.
 Мақтааралда 9579 адам жұмыспен қамтылады

Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,  жұмыспен қамту жол картасы аясында 18 инфрақұрылымдық жоба бойынша 130 жұмыс орны құрылады.  Су басқан елді мекен тұрғындарына үй салу жұмыстарына да жергілікті азаматтар тартылуда.  Қазіргі уақытта 32 мердігер 1300-ден астам жұмыс орнын ашып, оған жұмыссыз қалған жергілікті азаматтар жұмылдырылуда.  Жұмыспен қамтудың мобильді орталықтары құрылып,  құрылыс жұмыстарына үміткерлердің тізімін жасақтауға кіріскен.

Жалпы,  Мақтаарал ауданында эвакуацияланған 30420 адамның 4211-і атаулы көмек алатын жандар,  1970-і көп балалы отбасылар, 2406 зейнеткер,  955 мүгедек жандар мен 481-і жұмыссыз жүрген азаматтар.  Зардап шеккендерге көмек көрсетудің кешенді ісшаралары қолға алынды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекпен қатар, 1-6 жас аралығындағы балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакет беру және азаматтардың жекелеген санаттарына 5567 теңге мөлшерінде азық-түлік жиынтығын сатып алу үшін өтемақы төлеу жалғасуда.Оған қоса  су тасқыны зардаптарын жою және тұрғын үйді қалпына келтіру кезінде әлеуметтік көмек көрсетудің қосымша шаралары қарастырылған. 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды