• Басты
  • Мақтаарал: Оқушылар қашықтан оқу жүйесін жалғастыруда
6 Мамыр, 2020 18:26

Мақтаарал: Оқушылар қашықтан оқу жүйесін жалғастыруда

Мақтаарал ауданындағы су басқан елдімекен оқушылары эвакуациялық пункттерде білімдерін жалғастыруда, деп хабарлады Strategy2050.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне  жасай отырып.
Мақтаарал: Оқушылар қашықтан оқу жүйесін жалғастыруда

Аудандағы су басқан Жеңіс, Нұрлы жол, Жаңа тұрмыс, Өргебас, Фердауси ауылдарында жалпы саны 5 мектеп болса, ондағы оқушылар саны – 1638 құрайды. Мектепке дейінгі білім беру ұйым саны - 6 ондағы тәрбиеленушілер саны - 425.

Эвакуация пункттерінде балаларға қашықтан оқу бойынша жағдай жасалып, «Балапан», «Еларна» телеарналары арқылы оқуларын жалғастыру мақсатында телевизорлар орнатылды. Оқушылар қажетті кеңсе заттары, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Балалар бос уақыттарында танымдық, спорттық ойындар ойнап, кітап оқумен айналысады.

Ата-аналар мен оқушылардың көңіл-күйі мен психологиялық ахуалы бір қалыпты. Білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп психологтары төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындары мен оқушыларға психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Жергілікті тұрғындар, мектеп әкімшіліктері мен көрші Шардара, Келес, Сарыағаш, Жетісай, Арыс аудандарынан демеушілер табылып, зардап шеккен отбасылар мен оқушыларға азық-түлік, киім-кешек және тағы да басқа заттарын алып беруде.

 

 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды